Фото: КТК
Алматыда екі айдан бері іздестірілген 26 жастағы Айша Хамиттің денесі Кеңсай зираты маңынан табылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы
Айша Хамитті соңғы рет қараша айында туған күн кешіне барамын деп үйінен шығып кеткеннен кейін ешкім көрмеген. Марқұмның жақындары оның ұялы телефонынан ара-тұра жауап келіп отырғанын айтқан. Алайда іздестіру жұмыстары нәтиже бермей, тек екі айдан кейін Кеңсай зираты төңірегінен оның денесі табылды.
КТК хабарлағандай, тергеу мәліметінше, 26 жастағы қызды өзі жақын араласқан жігіт қылқындырып өлтірген. Қазір күдікті ретінде 19 жастағы Нұрмахан есімді жігіт ұсталды. Ол қылмысын толығымен мойындады. Тіпті Айшаны мәжбүрлеп несие алуға көндіргенін де растаған.
«19 жастағы бала екен. Есімі Нұрмахан деген қанішер. Ол Айшаға екі миллион теңгеден астам несие алдырған. Қарызын қайтармаймын дегенде Айша ата-анасына айтуға және полицияға арыздануға ниет білдірген. Осы сөзінен кейін ол пәтерде қызды қылқындырып өлтіріп, денесін полиэтиленге орап, сөмкеге салған. Кейін мәйітті Кеңсай зираты маңындағы саяжайға апарып, қардың астына көміп тастаған», – дейді марқұмның әпкесі.
Айша Хамит Қырбалтабай ауылының тумасы, аудандық мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. Ол отбасының жалғыз асыраушысы болған. Бұл қайғылы оқиға ауыл тұрғындарын дүр сілкіндірді.
Полиция мәлімдемесі
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.
«Адам өлтіру дерегі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», – деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазіргі уақытта марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғын сот-медициналық сараптама анықтауда. Айшаның отбасы бұл қылмысқа басқа да адамдар