Алматы қаласының бұрынғы судьясы Светлана Жоламановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo.
Айып қандай?
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Светлана Жоламанова 2021-2024 жылдар аралығында азаматтарды жылжымайтын мүлік сатып алу және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу уәдесімен алдап, сенімге кіріп, 1 миллиард теңгеден астам қаржыны иемденген.
Бас прокуратураның хабарлауынша:
📌 Қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталған;
📌 Барлық эпизодтар бір іске біріктірілген.
Қазіргі уақытта іс сотта қаралуда.