Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025

Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

2 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Астана көшесінде мас судья ұсталды
  • «Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады
  • Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды
  • Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр
  • «Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады
  • «Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді
  • «Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды
  • «Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматыда есту қабілетінен айырылған балаларға кохлеарлы имплант орнатылады

Алматыда есту қабілетінен айырылған балаларға кохлеарлы имплант орнатылады

17 Маусым, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылы Алматы қаласы бойынша кохлеарлы имплант орнату операцияларына 2,3 млрд теңге қарастырылған. Биылғы жылдың бастапқы 5 айында құлақ мүкісімен туған балаларға МӘМС шеңберінде осындай 36 қымбат ота жасалды. Оған Қор 283 млн теңгеден астам қаржы төледі, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2024 жылы көмектің бұл түрі 277 балаға көрсетіліп, оған жалпы 2,1 млрд теңге төленген. Әрбір отаның құны орта есеппен алғанда 8 млн теңгеге жетіп жығылады.

«Кохлеарлы импланттау — екі құлағы бірдей естімейтін балалардың есту қабілетін қалпына келтіруге бағытталған жоғары технологиялық ота. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің арқасында мұндай қымбат әрі күрделі операциялар Алматыда тегін жасалып жатыр», делінген хабарламада.

 Операцияны кімдер жасата алады?

Бұл процедура IV дәрежелі екі жақты кереңдікке шалдыққан, есту аппараттарының көмегі тимейтін балаларға жасалады. Диагноз қаншалықты ерте анықталып, ота мейлінше ерте жасалса баланың толыққанды сөйлеп, әлеуметтік ортамен араласып кету мүмкіндігі де соншалықты жоғарылайды, дейді мамандар.

Анар мен Айлиннің оқиғасы

Анар есімді келіншек пен оның қызы Айлиннің басынан кешкен оқиға заманауи медицинаның адам өмірін қаншалықты өзгерте алатынының айқын дәлелі. Айлинге дәрігерлер кереңдіктің ауыр түрі деген диагноз қойып, кохлеарлы имплант орнатуды ұсынған. Ота жасатып, медициналық қызметтің барлық деңгейлерінен өту үшін отбасы Қарағандыдан Алматыға қоныс аударыпты. Оңтүстік астанадағы №5 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерінің көмегіне жүгініп, портал арқылы салалық клиникаға жатыпты.

«Мен әуелде осындай қымбат отаны тегін жасатуға болады дегенге сенген жоқпын. Қазір қызымның құлағы естиді, сөйлесең қарайды, сөйлеуді де ақырындап үйреніп жатыр. Бұл біздің отбасымыз үшін үлкен бақыт», — дейді Анар.

Ота қайда жасалады?

Алматы қаласында кохлеарлы имплантты екі клиника орнатады:

  • №5 Қалалық клиникалық аурухана
  • «С.Д.Асфендияров ат. ҚазақҰМУ» КЕАҚ «Ақсай» балалар орталығы

Клиникалардың екеуі де тиісті қондырғылармен жабдықталған, кардиохирургтерден бастап, логопед, аудиолог сынды мамандармен қамтамасыз етілген.

Операция жасату үшін не істеу керек?

  • Емханадағы учаскелік дәрігерге немесе ЛОР маманның кеңесіне жазылу қажет;
  • Аудиометрия, КТ, МРТ сынды зерттеулерден өтіп, сурдолог маманның қорытындысын алу керек;
  • Құжаттарды толық жинап болған соң емхана мамандары науқасты «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталына тіркейді;
  • Аурухана растағаннан кейін пациент өзі таңдаған клиникаға жіберіледі.

Диагностикадан бастап медициналық оңалтуға дейінгі аралықтағы қызметтің барлық түрлері МӘМС қаражаты есебінен төленеді.

«Бұрын мүгедек деген атқа таңылып, ортадан қалып қоятын балалардың дамып, естіп, сөйлеп, бала-бақша мен мектепке барып жүргенін көріп жүрміз. Бастысы – ата-аналар уақытты текке өткізіп алмай, дер кезінде жолдама алса болғаны. Операциядан кейін бала ұзақ мерзімдік реабилитациядан өтеді. Ол клиникалар да осы Алматы қаласында орналасқан», — дейді Алматы қаласының штаттан тыс бас сурдологы Наиля Төлепбекова.

Фото: Freepik

Оқылып жатыр

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды

Қаладағы жаңа құрылыс қалай ақылға қонымды болуы мүмкін?

Алматы әкімі қала тазалығын бақылауға алу мен тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беруді тапсырды

Сарапшылар Алматыда атмосфералық ауаны қорғау бойынша жаңа ережелер жобасын қолдады

Соңғы жазбалар

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025

Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

2 Қараша, 2025

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

2 Қараша, 2025

«Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады

2 Қараша, 2025

«Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді

2 Қараша, 2025

«Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

2 Қараша, 2025

«Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады

2 Қараша, 2025

«Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты

2 Қараша, 2025

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.