Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты басталмақ. Жарыс Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) қолдауымен 1986 жылдан бері жыл сайын өтетін халықаралық турнир. 2020/2021 маусымда Алматыда фристайлдың могул және шаңғы акробатикасы бойынша FIS Әлем чемпионаты мен FIS Әлем кубогының кезеңдері өтті. Қазақстандық спортшылар жыл сайын жоғары деңгейде өнер көрсетеді.
«Шымбұлақ тау-шаңғы курорты алғаш рет FIS Әлем чемпионатын қабылдайды. Жарыс бағдарламасына могул, параллель могул және шаңғы акробатикасы енеді. Сонымен қатар, командалық жарыстар өтеді, оған 13 елден 110-нан астам спортшы қатысады»,- деп хабарлады Шымбұлақ таулы курортының баспасөз қызметі.
ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ:
7 қаңтар: 10:00–15:30 — Моguls
8 қаңтар: 11:00–14:30 — Dual Moguls
9 қаңтар: 11:00–15:00 — Dual Moguls Teams
10 қаңтар: 11:00–13:30 — Aerials
11 қаңтар: 12:00–13:30 — Aerials Teams
Спикерлер:
• Әбдірахманов Ринат (курорттың бас директоры) және Ләззат Бастаубаева (бас директордың орынбасары) — курорттың халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындығы туралы айтып береді.
• Андреа Риналди (FIS face director) — ұйымдастыру комитетінің жұмысына баға береді.
• Уәлиев Асқар (ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығының Бас хатшысы) — жарыс туралы жалпы ақпарат беріп, басты демеушілерге алғыс айтады.
Жарыс өтетін орын:
Шымбұлақ тау-шаңғы курорты
• Могул: ККД-4 («La Skala» мейрамханасы)
• Акробатика: Шымбұлақтың Базалық станциясындағы пандус
Баспасөз мәслихаты өтетін күні мен уақыты:
8 қаңтар, 15:30
Баспасөз мәслихаты өтетін орын:
Шымбұлақтың базалық станциясы, «Эдельвейс» конференц залы
Жарыстардың алғашқы күні (7 қаңтар) баспасөз бейдждерін «Медеу» базалық станциясындағы ақпарат орталығынан ала аласыз.