Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейраммен құттықтады

23 Қыркүйек, 2025

Париж және Милан сән апталығында «Әлемді таңғалдырған әжелер» жобасы ұсынылады

23 Қыркүйек, 2025

Алматыда «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері бүгін сатылады

23 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейраммен құттықтады
  • Париж және Милан сән апталығында «Әлемді таңғалдырған әжелер» жобасы ұсынылады
  • Алматыда «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері бүгін сатылады
  • Жезқазған су қоймасының түсі көкшіл болып өзгерді
  • «Дедовщинаға» шағымданғаны үшін 18 жастағы сарбазды жындыханаға жапқан
  • Қазақстанда сиыр етіне қатысты сұрақтар бойынша «жедел желі» іске қосылды
  • «Баламды танымай қалдым»: Баласын әскерге жіберген тағы бір сарбаздың анасы жанайқайын айтты
  • «Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматыда IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы өтеді

30 октября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыға елдің барлық өңірінен және шетелдерден журналистер жиналмақ. Екі жүзге жуық журналист IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына қатысады, деп хабарлайды Todayinfo.

Форум үш күнге жоспарланған. Алғашқы отырыс «Түркі елдеріндегі туризм және PR» тақырыбына арналады. Онда Түркі мемлекеттерінде PR және маркетинг құралдарын тиімді пайдалану арқылы туризм секторының дамуына ықпал ету, мемлекеттік және жекеменшік құрылымдардың туристік PR-ды дамытудағы рөлін нақтылау сынды тақырыптар талқыланады. Туристік маркетинг саласындағы мамандарды оқыту және кәсіби білігін арттыру, жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру, түркі әлемінде туризмді дамытудың бірлескен стратегиясын әзірлеу жолдары көтерілмек.

 «IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы – әлемнің түкпір-түкпірінен БАҚ өкілдері жиналып, маңызды мәселелер мен болашақ стратегиялар жайлы кеңесетін тамаша мүмкіндік. Медиа форумда талқыға салынатын тақырыптар туризм саласындағы ортақ жобалар, дәстүрлі журналистика мен әлеуметтік медианың жаңа тенденциялары, жасанды интеллекттің медиаға ықпалы, геосаяси ахуалдың түркі елдеріндегі медиа нарыққа әсері, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жолдары т.б. талқыға салынады. Туристік дестинацияларды жарнамалауда әлеуметтік желілерді пайдалану. Шынайы контент қалыптастыруда блогерлер мен қоғам қайраткерлерімен ынтымақтастық орнату. Туризм — дипломатия құралы.Түркі әлемі елдері арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды туризм арқылы нығайту. Түркі елдерінің қонақжай және қауіпсіз туристік бағыттар ретіндегі имиджін насихаттау», — делінген хабарламада.

БАҚ өкілдері әлемдегі геосаяси жағдай түркітілдес елдердің медиа саласына әсері туралы, санкциялар, ақпарат ағынындағы өзгерістер, жалған ақпараттың өсуімен және тәуелсіз БАҚ-қа қысымның күшеюімен сипатталатын жаңа медиа ландшафтты қалыптастыру жайында білімдерін жетілдіре алады.

Күн тәртібінде төмендегідей тақырыптар көтеріледі:

Медиа кеңістіктің бөлшектенуі: геосаяси ахуалдың ширығуы медиа кеңістіктің бөлшектенуіне әкеп соғады. Салдарынан пропаганда мен манипуляцияға бейім ақпараттық алаңдардың пайда болады. Бұл шынайы ақпаратқа қол жеткізуге кедергі жасайды.

Дезинформацияның артуы: ақпараттық соғыс жағдайында дезинформация мен фейк ақпараттар күшейеді. Бұл журналистерге нақты ақпарат пен «аңыздарды» ажыратуда қиындық келтіреді.

Әлеуметтік желілердің қоғамдағы ықпалының артуы: әлеуметтік желілер бүкіл әлем үшін өте маңызды дереккөзге айналған. Бірақ әлеуметтік желілерде жалған ақпарат жиі тарайды, ақпараттық манипуляция жиі жасалады. Бұл – БАҚ өкілдерінің кәсіби тұрғыда еркін жұмыс істеуіне кедергі.

«Ақпаратты тұтыну әдетінің өзгеруі және болашағы: Жасанды интеллект пен жаңа форматтар. Бүгінде ақпаратты тұтыну әдеті өте тез өзгеріп жатыр. Әлеуметтік желілер, қысқа видеолар, аудиоформаттар сияқты жаңа технологиялардың пайда болуы адамдардың ақпаратқа деген қажеттілігін және оны қабылдау тәсілін түбегейлі өзгертті. Бұл жаңа жағдайда медиа компанияларына жаңа форматтар мен платформаларға бейімделу, контентті монетизациялау және жасанды интеллект сияқты құралдарды тиімді пайдалану сынды үлкен міндеттер жүктеледі. Жасанды интеллект журналистика саласында қандай мүмкіндіктер ашады? VR/AR технологиялары қандай салаларда қолданылады? Контентті монетизациялаудың жаңа әдістері қандай? Әлеуметтік желілердің адамдардың психологиясына әсері қандай? делінген түрлі тақырыптарда ой бөлісіп, журналистер білімдерін көтереді», — деді қордың президенті Нәзия Жоямергенқызы.

Одан бөлек ақпаратты тұтыну әдетінің өзгеруі, контентті монетизациялау, жасанды интеллект медиа кеңістікке ықпалы, БАҚ-та жасанды интеллектті қолданудың этикалық қыры, жасанды интеллектті қолдану кезінде жалған ақпараттарды тарату қаупі, жеке өмірдің құпиялығын бұзу, жұмыс орындарының азаюы сынды мәселелер көтеріледі.

Аймақтық БАҚ-тағы бәсекелестік қабілетін арттыру, табыс көздерін әртараптандыру жолдары да көтерілмек. Форум барысында «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Қазақстандағы 7-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырған «Туған жерім – тұғырым» тақырыбындағы жас журналситер байқауының жеңімпаздары марапатталады.

Одан бөлек  «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ-ның «Шеврон» компаниясы серіктестігінде ұйымдастырған «Әлеумет – қоғам айнасы»-2024 байқауы мен «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ-ның «Шеврон» компаниясы серіктестігінде ұйымдастырған «Еркін сөз»-2024 байқауының жеңімпаздарын марапттау салтанаты өтеді. Қордың 10 жылдығына орай ұйымдастырылған шара барысында БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренингтер ұйымдастырылады.

Оқылып жатыр

Париж және Милан сән апталығында «Әлемді таңғалдырған әжелер» жобасы ұсынылады

Алматыда «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері бүгін сатылады

Жезқазған су қоймасының түсі көкшіл болып өзгерді

«Дедовщинаға» шағымданғаны үшін 18 жастағы сарбазды жындыханаға жапқан

Қазақстанда сиыр етіне қатысты сұрақтар бойынша «жедел желі» іске қосылды

«Баламды танымай қалдым»: Баласын әскерге жіберген тағы бір сарбаздың анасы жанайқайын айтты

Соңғы жазбалар

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігін ұлттық мейраммен құттықтады

23 Қыркүйек, 2025

Париж және Милан сән апталығында «Әлемді таңғалдырған әжелер» жобасы ұсынылады

23 Қыркүйек, 2025

Алматыда «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері бүгін сатылады

23 Қыркүйек, 2025

Жезқазған су қоймасының түсі көкшіл болып өзгерді

23 Қыркүйек, 2025

«Дедовщинаға» шағымданғаны үшін 18 жастағы сарбазды жындыханаға жапқан

23 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда сиыр етіне қатысты сұрақтар бойынша «жедел желі» іске қосылды

23 Қыркүйек, 2025

«Баламды танымай қалдым»: Баласын әскерге жіберген тағы бір сарбаздың анасы жанайқайын айтты

23 Қыркүйек, 2025

«Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады

23 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

23 Қыркүйек, 2025

Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды

23 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.