Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматыда келер жылдан бастап 95 мыңға жуық адам қосымша сақтандырылмақ

Алматыда келер жылдан бастап 95 мыңға жуық адам қосымша сақтандырылмақ

24 Шілде, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгінде оңтүстік астанада тұратын 2,3 млн халықтың 80% немесе 1,8 млн сақтандырылған. Өкінішке орай, тағы 475 мың адам МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Бұл туралы бүгінгі брифингте Медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Нұрдос Қадырбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2026 жылдан бастап жергілікті атқару органдары халықтың әлеуметтік жағдайы төмен бөлігі үшін сақтандыру жарнасын төлей бастамақ. Жаңа нормалар арқасында Алматыда 95 мыңға жуық адам МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндік алмақ.

«Аталған санат ішінен медициналық көмекті жиі қолданатын азаматтар іріктеліп, жергілікті бюджет есебінен сақтандырылатын болды. 2026 жылы 26 мыңнан астам адамның әрқайсысы үшін ай сайын 9189 теңгеден, жалпы 2,9 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалмақ. Сондай-ақ, бұдан былай жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер үшін де МӘМС жарнасын жергілікті атқару органдары төлейді», — деп атап өтті Нұрдос Қадырбеков.

Сонымен қатар, сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылдан бастап жарна төленетін жалақы шегі өзгермек. Айтап айтсақ:
• Жұмыс берушілер үшін – 40 ең төменгі жалақы;
• Жұмыскерлер үшін – 20 ең төменгі жалақы.

«Тағы бір айта кетерлігі, бүгінгі күні Алматы қаласында 1,2 млн астам, еліміз бойынша 11,2 млн жуық адам мемлекет есебінен сақтандырылып отыр. Биыл мемлекет олар үшін ай сайын орташа айлық жалақының 2% аударады. Ал, 2027 жылдан бастап жарна мөлшері біртіндеп өсіп, 2037 жылы 4,7% дейін жетуі тиіс», — деді Нұрдос Қадырбеков.

МӘМС арқылы көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында заңға тағы бір жаңа норма енгізілді. Енді кемінде 5 жыл қатарынан жүйеге жарна аударып келген азаматтар уақытша төлем қабілетінен айырылған жағдайда, сақтандыру статусы 6 айға дейін сақталмақ. Бұған дейін сақтандыру статусы соңғы төлем жасалған сәттен бастап 3 ай ғана сақталатын. Бұл өзгерістің әсіресе, жұмыс күші жиі ауысатын Алматы қаласы үшін маңызы зор.

«Соңғы жылдар ішінде біз бірінші рет сақтандыру реформасын техникалық емес, әлеуметтік тұрғыдан қарастырып отырмыз. Енгізілген өзгерістер арқасында медицина шынымен қолжетімді бола бастамақ. Халықты сақтандыру жүйесімен қамту деңгейі жақсарып, медициналық көмекті пайдалану мүмкіндігі артады», — деп атап өтті сарапшы Вячеслав Локшин.

Оқылып жатыр

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды

Қаладағы жаңа құрылыс қалай ақылға қонымды болуы мүмкін?

Алматы әкімі қала тазалығын бақылауға алу мен тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беруді тапсырды

Сарапшылар Алматыда атмосфералық ауаны қорғау бойынша жаңа ережелер жобасын қолдады

Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашылды

Соңғы жазбалар

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.