Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған

15 Шілде, 2025

Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді

15 Шілде, 2025

Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді

15 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған
  • Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді
  • Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді
  • Абай облысын қолдау керек — Премьер-министр
  • «Өмір бақи сорың болады»: Ауру балаларды «ақшаның соры» деген актрисаның басы дауға қалды (ВИДЕО)
  • Баланы жерге алып ұрған: есірткі шеккен еркек өлтіріп қоя жаздаған сәби ауруханадан шықты
  • 100 мың жұмыс орны бос тұр, кадр жетіспейді — Олжас Бектенов
  • «Дене шынықтыру мамандары сұраныста болады»: IT маманы айлығы жоғары жұмыс табудың жолын айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 15 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматыда күніне 700 адам жаттыға алатын күрес залы ашылды

Алматыда күніне 700 адам жаттыға алатын күрес залы ашылды

20 декабря, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда күніне 700 адам жаттығу жасайтын жаңа күрес залы ашылды. Мың шаршы метр аумақты алып жатқан залға төрт бозкілем төселген. Кең кешенде қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, самбо секілді спорт түрлерімен айналысуға болады, деп хабарлайды Todayinfo.

Жаңа нысан Қазақ спорт және туризм академиясының ғимаратында орналасқан. Биыл бұл оқу орны 80 жылдық мерейтойын атап өтуде. Талай спорт саңлақтарын тәрбиелеп шығарған Қазақ спорт және туризм академиясының мерейтойы жоғары деңгейде өтті.

Алдымен білім ордасының бас ғимаратында «Олимпиадалық спорт және барлығына арналған спорт» атты XXVIII Халықаралық ғылыми Конгресс өтті. Пленарлық мәжіліске белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, Қазақ спорт және туризм академиясы және серіктес университеттердің, сондай-ақ Халықаралық дене шынықтыру және спорт университеттері қауымдастығының мүшелері қатысты. Спорт саласындағы маңызды мәселелер туралы баяндамалар жасалды. 20-дан аса мемлекеттен келген шетелдік ғалымдар ауқымды шараға қатысып, әсерге толы мерекелік кештің куәсі болды.

Мерекелік кеште талай жыл еңбек еткен ұстаздар мен ғалымдар марапатталды. Әсем ән мен ерекше спорттық қойылымдар жиналған жұртты тәнті етті. Академия түлектері, Олимпиада жүлдегерлері мен зиялы қауым өкілдері, басқа да жоғары оқу орнынан келген қонақтар қатысты. Қазақ спорт және туризм академиясының 80 жылдығына арналған барлық іс-шаралар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
80 жылда академиядан 80-нен астам олимпиада жүлдегерлері мен 200 ден астам әлем чемпиондары шықты. Сондықтан оқу ордасын қазақ спортының ұстаханасы деуге толық негіз бар.

Айта кетейік, 1944 жылы 14 қарашада Орта Азиядағы алғашқы спортшылар мен бапкерлерді дайындайтын Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институты құрылды. Бұл жоғары оқу орны Орта Азия аймағында бірінші болғандықтан, өзбек, қырғыз, түрікмен және тәжік одақтас республикалар үшін де дене шынықтыру-спорт кадрларын даярлауды жүзеге асырды.

1998 жылы 28 қазанда Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі мәдениеті институты Қазақ спорт және туризм академиясы мәртебесіне ие болды. Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов басшылық ететін бұл оқу орнының елімізде алатын орны ерекше. Академия құрамында 3 факультет, 11 кафедра, 2 ғылыми-зерттеу институты мен 2 стадион, 1 бассейн, 3 спорттық-техникалық база, 2 студенттер жатақханасы, 1 Олимпиада даңқ мұражайы мен кітапхана бар. 150-ге жуық профессор, докторлар, ғылым кандидаттары мен білікті оқытушылар еңбек етеді. Академияда қазір 4000-ға жуық студент білім алуда. Сондай-ақ заманауи білім бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында көптеген халықаралық жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс орнаған.

Оқылып жатыр

Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған

Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді

Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді

Баланы жерге алып ұрған: есірткі шеккен еркек өлтіріп қоя жаздаған сәби ауруханадан шықты

«Дене шынықтыру мамандары сұраныста болады»: IT маманы айлығы жоғары жұмыс табудың жолын айтты

Сотта ашылған сорақылықтар: «Асар-Уме» қайырымдылық қоры 200 млн теңгені Перизат Қайраттың қорына аударған

Соңғы жазбалар

Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған

15 Шілде, 2025

Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді

15 Шілде, 2025

Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді

15 Шілде, 2025

Абай облысын қолдау керек — Премьер-министр

15 Шілде, 2025

«Өмір бақи сорың болады»: Ауру балаларды «ақшаның соры» деген актрисаның басы дауға қалды (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025

Баланы жерге алып ұрған: есірткі шеккен еркек өлтіріп қоя жаздаған сәби ауруханадан шықты

15 Шілде, 2025

100 мың жұмыс орны бос тұр, кадр жетіспейді — Олжас Бектенов

15 Шілде, 2025

«Дене шынықтыру мамандары сұраныста болады»: IT маманы айлығы жоғары жұмыс табудың жолын айтты

15 Шілде, 2025

Өзбекстан экономикасы Қазақстаннан 30 жыл артта қалған – экономист Бехзод Хошимов

15 Шілде, 2025

Сотта ашылған сорақылықтар: «Асар-Уме» қайырымдылық қоры 200 млн теңгені Перизат Қайраттың қорына аударған

15 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.