Алматыда тағыда жерасты дүмпуі болды. Жер сілкінісі сағат 11:22-де тіркелді. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделіп жатыр.
«ҚР ТЖМ “СБЗҰҒҰ” ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. MPV магнитудасы 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 бал», – деп хабарлады ТЖМ.