Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті

2 Қараша, 2025

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті
  • Астана көшесінде мас судья ұсталды
  • «Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады
  • Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды
  • Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр
  • «Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады
  • «Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді
  • «Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 3 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Патриоттық тәрбиені насихаттау: Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай «IQ-ALA JASTARY» зияткерлік ойынының финалдық кезеңі өтті

Патриоттық тәрбиені насихаттау: Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай «IQ-ALA JASTARY» зияткерлік ойынының финалдық кезеңі өтті

3 Маусым, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қорының ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «IQ-ALA JASTARY» қалалық зияткерлік ойынының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жобаның мақсаты – жастардың білімге деген құштарлығын, сыни және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық әлеуетін шыңдау, сонымен қатар ұлттық құндылықтар мен елдік рухты дәріптеу. Сонымен қатар, жобаның басты артықшылықтарының бірі — жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, елінің тарихы мен мәдени мұрасына құрметпен қарауға баулу болып саналады.

Биылғы зияткерлік жобаға Алматы қаласы бойынша 1000-нан астам жас қатысып, еліміздің болашағы саналатын жастардың интеллектуалды деңгейі мен азаматтық жауапкершілігінің жоғары екендігін көрсетті.

Зияткерлік ойын төрт негізгі лига бойынша ұйымдастырылды:

  • Студенттік лига – ЖОО және колледж студенттері арасында;
  • Белсенді жастар лигасы – комьюнити орталықтарының резиденттері, жастар омбудсмендері, ҮЕҰ өкілдері және шығармашыл жастар арасында;
  • Жұмысшы жастар лигасы – әртүрлі салада еңбек ететін жастар арасында;
  • Жастар лигасы – әртүрлі әлеуметтік топтағы жастар арасында.

Әр лигада үздік атанған командалар финалдық кезеңге жолдама алып, барлығы 19 команда білім, логика және тапқырлық бойынша өзара бақ сынады. Бұл — жастардың зияткерлік қабілетімен қатар, елге деген сүйіспеншілігін, жауапкершілігін көрсететін маңызды алаң болды.

Жүлде қоры 1 000 000 теңгені құраған финал нәтижесінде жеңімпаздар келесідей анықталды:

  • I орын – «A-team» командасы (500 000 теңге);
  • II орын – «Аққу, шортан һәм шаян» командасы (300 000 теңге);
  • III орын – «Достар» командасы (200 000 теңге).

«Кей сұрақтар, әсіресе тарихи тастарға қатысты, күрделі болды. Бірақ әділ әрі тартысты өткен ойынның рухы ерекше әсер қалдырды. Мемлекеттік рәміздер күні аясында еліміздің тарихын, болмысын ұғыну – біз үшін үлкен құрмет», – деді II орын иегері Шұғыла Бүрлібаева.

«IQ-ALA JASTARY» жобасы – жас ұрпақтың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, білім мен рухты қатар ұстанатын патриот жастар қалыптасып келе жатқанын дәлелдейтін маңызды жоба.

Сонымен қатар, жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында тимбилдингтер, семинарлар және тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл – жастардың жеке тұлғалық өсуіне, көшбасшылық қасиеттерінің дамуына, сондай-ақ бірлік пен отансүйгіштік сезімдерін нығайтуға сеп болды.

Ұйымдастырушылар жобаны алдағы жылдары дәстүрлі түрде өткізіп, оны республикалық деңгейде кеңейтуге ниетті. Бұл жұмыстардың барлығы жастардың бойында Отанға деген құрметті қалыптастыру болып саналады.

Оқылып жатыр

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды

Қаладағы жаңа құрылыс қалай ақылға қонымды болуы мүмкін?

Алматы әкімі қала тазалығын бақылауға алу мен тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беруді тапсырды

Сарапшылар Алматыда атмосфералық ауаны қорғау бойынша жаңа ережелер жобасын қолдады

Соңғы жазбалар

«Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті

2 Қараша, 2025

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025

Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

2 Қараша, 2025

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

2 Қараша, 2025

«Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады

2 Қараша, 2025

«Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді

2 Қараша, 2025

«Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

2 Қараша, 2025

«Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады

2 Қараша, 2025

«Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты

2 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.