Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті

2 Қараша, 2025

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті
  • Астана көшесінде мас судья ұсталды
  • «Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады
  • Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды
  • Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр
  • «Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады
  • «Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді
  • «Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 3 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматыда Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Алматыда Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

4 Маусым, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда ерекше патриоттық рухтағы салтанатты іс-шара – Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Рәсімді «Батыр» Президенттік полкінің арнайы тобы «Медеу» спорт кешенінің тау баурайындағы алаңында ұйымдастырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, мәдениет пен спорт саласының танымал қайраткерлері, қоғам белсенділері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері, жастар ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтерілер сәтте Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы мен Алматы гарнизонының әскери үрлемелі оркестрі Мемлекеттік Әнұранды орындап, көпшілікке рухты сәт сыйлады.

Рәсім аяқталған соң көрермендер назарына қаладағы жетекші шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды. Сахнада «Қазақстаным», «Отан», «Туған жер», «Туған жерім тамаша», «Сүйікті елім», «Мен қазақпын», «Ұлы дала», «Қазағым», «Атамекен» сынды патриоттық әндер орындалып, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

Айта кету керек, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шаралар қала аудандарында да белсенді түрде өтіп жатыр. Патриоттық шерулер, спорттық жарыстар, көрмелер мен ашық алаңдағы концерттер Алматының барлық бөлігінде ұйымдастырылып, тұрғындарды ел рәміздеріне деген құрметке баулуда.

Мұндай іс-шаралар азаматтардың отаншылдық рухын арттырып, жас ұрпаққа Мемлекеттік рәміздердің маңызын терең ұғындыруға бағытталған.

Оқылып жатыр

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды

Қаладағы жаңа құрылыс қалай ақылға қонымды болуы мүмкін?

Алматы әкімі қала тазалығын бақылауға алу мен тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беруді тапсырды

Сарапшылар Алматыда атмосфералық ауаны қорғау бойынша жаңа ережелер жобасын қолдады

Соңғы жазбалар

«Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті

2 Қараша, 2025

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025

Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

2 Қараша, 2025

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

2 Қараша, 2025

«Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады

2 Қараша, 2025

«Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді

2 Қараша, 2025

«Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

2 Қараша, 2025

«Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады

2 Қараша, 2025

«Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты

2 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.