Алматыда «Sadu Arena» спорт кешенінде қала әкімдігінің қолдауымен ерекше қажеттілігі бар тұрғындарға арналған «Жігер» спорт фестивалі өтті. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады, деп жазады Todayinfo. 

Іс-шараның мақсаты — бұқаралық спортты дамытуға қолдау көрсетуге, инклюзия мәдениетін нығайту мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қаланың белсенді спорттық өміріне тарту.

Фестиваль аясында шағын футбол (ЦП), армрестлинг, жүгіру, жүзу, шахмат және тоғызқұмалақ бойынша жарыс өтті.

Биыл іс-шараға 1000-нан астам адам қатысты. Олар қаланың түрлі ауданынан келген спортшылар, сондай-ақ, қоғамдық және спорт ұйымдарының өкілдері де болды.

««Жігер» фестивалі спортта шекара жоқ екенін, оның адамдарды физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан біріктіре алатынын көрсетеді. Мұндай іс-шаралар инклюзия рухын күшейтіп, әр адам қолдау мен сенімділікті сезінетін орта қалыптастырады», — деді Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы.

Exit mobile version