Алматыда жанкүйерлер асыға күткен «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері 23 қыркүйек сағат 17:00-де сатылымға шығады, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Ойын 30 қыркүйекте өтеді.
Билеттердің сатылым тәртібі
⚽ Билеттерді тек ресми сайт арқылы сатып алуға болады. Онда орын санаттары мен бағалары жарияланған.
⚽ Бір жанкүйер ең көбі екі билет қана ала алады.
⚽ Әр билет жеке ИИН-ге тіркеледі. Бұл талап билеттердің қайта сатылуын болдырмау үшін енгізілген.
⚽ Төлем жасалғаннан кейін жанкүйерге ваучер беріледі, ал электронды билет матч басталардан 6 сағат бұрын жіберіледі.