Коллаж: Тodayinfo
Алматы қаласының әкімшілік полициясының мәліметінше, былтыр қалада 12 412 VIP нөмір сатылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпарат агенттігі.
Заңнамамен оның төлемі көзделген.
«Алматыда ең көп тіркелген Hyundai Elantra автокөлік маркасы — 7243 көлік, Hyundai Tucson — 6220, Chevrolet Monza — 6048, Chevrolet Cobalt — 5251, Kia Sportage-4186, Kia Seltos — 3987, Toyota Camry — 3612, Changan — 2736, Hyundai Sonata — 2659, Kia K5-2086, Kia Sorento -1971»,- дейді Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ал VIP нөмірге алматылықтардың қанша жұмсағаны белгісіз.
Осыған дейін шымкенттіктер млрд теңгені VIP нөмірге жұмсағанын жазған едік.