Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі

4 Қараша, 2025

«Елде бір млн еркектің тоқалы бар»: депутат Абзал Құспан көпшілікке ұнайтын заң қабылдауды ұсынды

4 Қараша, 2025

«Онлайн талақ айтты»: елге имандылық жайында жар салған журналист үшінші әйелге талақ айтқан

4 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
  • «Елде бір млн еркектің тоқалы бар»: депутат Абзал Құспан көпшілікке ұнайтын заң қабылдауды ұсынды
  • «Онлайн талақ айтты»: елге имандылық жайында жар салған журналист үшінші әйелге талақ айтқан
  • 726 ұсыныстан 45 жоба: Алмалы ауданында тұрғындардың қатысуымен абаттандыру жұмыстары аяқталды
  • «Екі жігіт топты адамға оқ жаудырған»: Түркістан облысында атыстан бір тұрғын мерт болды
  • Alatau City цифрлық экожүйесі: технологиялар, қауіпсіздік және жайлылық
  • Қар шығару жұмыстарының сапасын арттыру үшін Алматыда жол бойындағы боллардтар алынып жатыр
  • Алматыда Қарттар айлығы аясында 25 іс-шара өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 4 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматыда Қарттар айлығы аясында 25 іс-шара өтті

Алматыда Қарттар айлығы аясында 25 іс-шара өтті

4 Қараша, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда қазанда Қарттар айлығы мен Республика күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Айтулы оқиғаларға қатысты қалада барлығы 25 іс-шара өткізіліп, оған 2500 адам қатысты. Бар ғұмырын елді дамытуға, жастарды тәрбиелеуге және отбасы құндылықтарын нығайтуға жұмсаған жандар үшін арнайы 10 ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.

2025 жылы 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Алматының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мекемесі «Белсенді ұзақ өмір: тәжірибе және мүмкіндік» атты халықаралық форум өткізді.

Форумның мақсаты — белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ету жолында тәжірибе алмасу, қарттарды қолдаудың инновациялық әдістері мен әлеуметтік бағдарламаларды кеңінен талқылау.

Аталған іс-шара аға буынды әлеуметтік қолдау, озық тәжірибелерді енгізу мен өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауға арналған халықаралық алаңға айналды.

Форумға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының» басқа өңірлерден келген өкілдері, шетелдік қонақтар мен қоғамдық бірлестіктер қатысты. Форум бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де панельдік талқылау, бұдан өзге, сәндік-қолданбалы өнер және кескіндеме көрмесі, шебердің дәрістері, шығармашылық қойылымдар, Алматы мен Есік қаласындағы музейлер мен көрікті жерлерге экскурсия ұйымдастырылды.

10 қазанда Алматының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастырған салтанатты іс-шара өтті. Оған 150-ге жуық аға буын өкілдері, еңбек ардагерлері, белсенділер қатысты. Бағдарлама аясында Алғыс хат, естелік сыйлықтар табысталып, өнер жұлдыздарының қатысқан концерт қойылды.

Дәл осы күні «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» Медеу аудандық бөлімшесі «Қарттарым – асыл қазынам» атты поэзиялық кездесу ұйымдастырды. Кеш барысында ауа буын өкілдері мен шығармашылық ұжымдар авторлық өлең оқып, музыкалық композиция ұсынды.

15 қазанда халықаралық семинар ұйымдастырылды, оның барысында БҰҰ және Орталық Азия өңірі елдерінің өкілдері Мәуленов көшесі, 46а мекенжайда орналасқан «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» барды. Қонақтар орталық жұмысымен танысып, шығармашылық көрмені, концерттік бағдарламаны тамашалады және қарттармен жұмыс ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты. Бұған қоса, Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылған Халықаралық Қаттар күніне арналған Оқушылар сарайында өткен концертті де көрді.

17 қазанда Art Galaxy Alma Ata галереясында «Біздің Қазақстан» кескіндеме және бейнелеу өнері көрмесі салтанатты түрде ашылды, мұнда қарттардың 100-ге жуық жұмысы қойылды. Көрме 17 қарашаға дейін жалғасады (Назарбаев көшесі, 223, «Алма-Ата» СОО).

22 қазанда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» орталық бөлімшесінде «Өркенде, қазақ халқы!» мерекелік іс-шара өтті. Оған зейнеткерлер, қаланың белсенді тұрғындары қатысты. Іс-шараға қатысқандар естелік айтып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

Дәл осы күні Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Республика күніне арналған шахмат фестивалі өтті. Турнирге алматының қарт тұрғындары қатысты. Шахмат турнирі егде жандарға ұмытылмас көңіл-күй сыйлады.

24 қазанда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» Медеу бөлімшесінде өткен «Жаса, Қазақстан!» концерті мерекелік іс-шараларды одан әрі жалғастыра түсті. Қарт кісілер ән айтып, өнерін ортаға салды.

2025 жылы 31 қазанда «Конкордия» студенттік театрының ғимаратында Алматының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мекемесі ұйымдастырған жыл сайынғы дәстүрлі «Ұзақ өмір сүру фестивалі» өтті.

Фестиваль Қарттар айлығының шаһарда жоғары деңгейде өткенін айшықтай түсті. Оған қаланың барлық ауданының қарттары қатысып, өнер көрсетті. Домбьырадан күй төгіліп, түрлі шығармашылық қойылымдар ұсынылды.

Ұйымдастырлған іс-шаралар мемлекет пен қоғамның аға буын өкілдеріне ерекше назар аударатынын, ұрпақтар сабақтастығы мен бірлік рухын нығайта беретінін көрсетті.

Оқылып жатыр

726 ұсыныстан 45 жоба: Алмалы ауданында тұрғындардың қатысуымен абаттандыру жұмыстары аяқталды

Қар шығару жұмыстарының сапасын арттыру үшін Алматыда жол бойындағы боллардтар алынып жатыр

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылысын тексерді

Алматыда Баум тоғайын көріктендірудің маңыздылығы түсіндірілді

Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті

Алматының Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды

Соңғы жазбалар

Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі

4 Қараша, 2025

«Елде бір млн еркектің тоқалы бар»: депутат Абзал Құспан көпшілікке ұнайтын заң қабылдауды ұсынды

4 Қараша, 2025

«Онлайн талақ айтты»: елге имандылық жайында жар салған журналист үшінші әйелге талақ айтқан

4 Қараша, 2025

726 ұсыныстан 45 жоба: Алмалы ауданында тұрғындардың қатысуымен абаттандыру жұмыстары аяқталды

4 Қараша, 2025

«Екі жігіт топты адамға оқ жаудырған»: Түркістан облысында атыстан бір тұрғын мерт болды

4 Қараша, 2025

Alatau City цифрлық экожүйесі: технологиялар, қауіпсіздік және жайлылық

4 Қараша, 2025

Қар шығару жұмыстарының сапасын арттыру үшін Алматыда жол бойындағы боллардтар алынып жатыр

4 Қараша, 2025

Алматыда Қарттар айлығы аясында 25 іс-шара өтті

4 Қараша, 2025

Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер

4 Қараша, 2025

АҚШ-тан жеткен астыртын ақпарат: Мәскеудің Қазақстанға іштен іріткі салу жоспары ашылып қалды

4 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.