Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты
  • Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды
  • Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні кең ауқымда тойланады

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні кең ауқымда тойланады

29 апреля, 2024 Руханият
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні кең ауқымда тойланады. Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 1 мамырда Абай алаңында «Береке – бірлікте» жалпыреспубликалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап, жеткізуге атсалысқан, көмектескен еріктілерді, белсенді азаматтарды, мәдениет қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Іс-шара танымал шығармашылық ұжымдар мен этномәдени бірлестіктердің концерттік бағдарламасымен, қайырымдылық акциялар, жәрмеңке, байқаулар және басқа да іс-шаралармен жалғасады.

Сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін Республика сарайының алдында қайырымдылық жәрмеңкесі мен гастро-фестиваль өтеді. 10-нан астам танымал мейрамхана қазақ, түрік, өзбек, корей, неміс, қытай, грузин, орыс, армян, ұйғыр ұлттарының ұлттық тағамдарын ұсынады. Түскен қаражат су тасқыны салдарын жою мақсатына «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорына аударылады. Осылайша, әрбір қатысушы табиғи апатқа ұшыраған азаматтарға көмектесе алады.

«Мерекелік концертке этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары қатысады: «Агугай» ансамблі, «Дервиши» тобы, Анжелика Шағарова, «Наири» ансамблі, Аббос Қасымов ансамблі ABBOS (Өзбекстан), Ситора Назарова, «Қазан нұрлары» ансамблі (Татарстан), Руми мен Янис, «Бахар» кавказ би ансамблі, «Эламан» дуэті (Қырғызстан), Роман Ким, «Нам Сон» ансамблі мен «МузАрт» тобы», -деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Абай атындағы алаңда жеке компанияның қаражаты есебінен Maxi Fest қайырымдылық концерті өтеді. Сахнада отандық эстрада жұлдыздары: Айқын, Qanay, Ayree, КешYOU тобы, Илхан Ықсан, Бекзат Құнанбай, Сиситай, «Азия» тобы, Артур Давлетьяров, Әйгерім Қалаубаева, Ұланғасыр Ками мен ALPHA тобы өнер көрсетеді.

Мерекелік шаралар қаланың басқа аудандарында да өтеді:

Наурызбай ауданында сағат 11:00-де Шұғыла шағын ауданы 347 мекенжайындағы амфитеатрда, «Бірлігіміз жарасқан» концерттік бағдарламасы, қазақ, ұйғыр, араб, әзірбайжан, украин, орыс, үнді, татар, өзбек, қытай, корей және түрік мәдениеттері өкілдерінің ұлттық тағамдары, киімдері мен бұйымдарының көрмесі өтеді. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткен белсенді азаматтар марапатталады.

Жетісу ауданындағы Гүлдер саябағында (Серіков, 2а) сағат 11:00-де Мәдениет үйі мен Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері, «Даму бала» бағдарламасы бойынша үйірмеге қатысатын балалардың концерті өтеді. Сондай-ақ ауданның этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен Қазақстан халықтарының көрмесі ұйымдастырылады.

Әуезов ауданында сағат 11:00-де Сарыарқа скверінде «Гүлден, менің Қазақстаным!» ұранымен студент-жастар, балалардың қатысуымен эко-марш өтеді. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін этномәдени өкілдері қолөнершілерінің қайырымдылық көрмесі ұйымдастырылады.

Алатау ауданында сағат 10:00-де «Алатау» инновациялық шығармашылық орталығында мерекелік концерт пен тақырыптық суреттер көрмесі өтеді. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткен белсенді азаматтар марапатталады.

Түрксіб ауданында сағат 11:00-де Арбатта (Шолохов көшесінің қиылысы, Сауранбаев көшесінің бойы) Оқушылар үйі көркемөнер ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама мен этномәдени бірлестіктердің көрмесі өтеді.

Медеу ауданында Көктөбе орталық алаңында сағат 12:00-де «Алматы әуендері» КМҚК «Жасыл қалам – Алматым» жеке орындаушыларының концерті өтеді. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында (Төле би көшесі, 21) сағат 15:00-де «Гүл Алматы – Flower Sity» өтеді.

Алмалы ауданында Арбат алаңында сағат 10:00-де су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде қаражаттың бір бөлігін бөле отырып, қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Сағат 12:00-де шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама басталады.

Бостандық ауданында «Atakent» КҚКО аумағында «Алматы — біздің ортақ үйіміз» мерекелік бағдарламасы болады, оның аясында этномәдени бірлестіктердің концерті мен қайырымдылық көрмесі өтеді. Қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен барлық қаражат «Демеу Қазақстан қоры» қорына аударылады.

Оқылып жатыр

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

Соңғы жазбалар

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

14 Қыркүйек, 2025

Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады

14 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы елді «Отбасы күнімен» құттықтады

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.