Алматының Қала құрылысы бақылау басқармасы «СК 7 строй» ЖШС атты құрылыс лицензиясынан айырылған компания туралы хабарлады, деп жазады Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Мердігер қала аумағындағы бірнеше нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп келген. Соның ішінде №112 жалпы білім беретін мектеп ғимаратына қосалқы құрылыс салу және Әуезов ауданындағы абаттандыру жобалары бар.

Тексеру қорытындысы бойынша «СК 7 Строй» ЖШС-не әкімшілік шаралар қолданылып, оның құрылыс қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды.