Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

25 Қазан, 2025

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

25 Қазан, 2025

Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті

25 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады
  • Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды
  • Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті
  • SABA Group компаниясы Республика күніне арналған мерекелік шара өткізді
  • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне 600-ден аса тұрғын қатысты
  • Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті
  • Республика күніне орай Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды
  • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 26 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

25 Қазан, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Todayinfo.kz

Бүгін «Медеу» мұз айдынында өткен салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, қоғам және мәдениет қайраткерлері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Көк байрақ көкке көтерілген сәтте әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Ту ілінген тұғырдың биіктігі – 40 метр, ал көлемі – 7×14 метр.

Республика күні қарсаңында қала әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыстады. Марапатталғандар қатарында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар бар.

Қала бойынша мерекелік шаралар жалғасуда:
– Республика сарайының алдында «Атамекен» атты патриоттық акция;
– Жібек жолы көшесінде қолөнершілер мен суретшілер жәрмеңкесі;
– экологиялық бастамалар мен мәдени бағдарламалар ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, сағат 18:00-де Республика күніне орай «Көктөбе» телемұнарасы мерекелік сәулеттік жарықпен көмкеріледі.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Абзалиденұлы өз сөзінде:

«Бүгін – халқымыздың жүрегінен ерекше орын алған тарихи күн. Республика күні – ел тәуелсіздігін айшықтап, ұлттық бірегейлігімізді нығайтқан мереке. Осыдан 35 жыл бұрын қабылданған Конституция – мемлекетіміздің берік іргетасы, Тәуелсіздіктің алғашқы заңдық кепілі болды.

Бұл күн – ата-бабамыздың азаттық жолындағы арманын жүзеге асырған, елдіктің еңсесін көтерген сәттің символы. Республика күні бізге ел бірлігінің, тұрақтылық пен татулықтың қаншалықты маңызды екенін еске салады.

Бүгінгі ұрпақтың міндеті – сол құндылықтарды сақтап, келер буынға аманаттау. Алматы – еліміздің рухани, мәдени және тарихи орталығы. Сондықтан дәл осы қалада көк байрағымыздың көтерілуі ерекше мәнге ие.

Бүгінгі мерекелік көңіл күй табиғатпен де үндесіп тұр. Ауа райы ашық, күн шуақты, бұл – бірлігіміздің, елдік рухымыздың айғағы іспетті. Республика күні – тек мереке емес, өз елін сүйетін әр азаматтың жүрегіндегі мақтаныш күні», – деді ол.

Алматы қалалық мәслихатының депутаты, №25 қалалық емхананың директоры Әкім Тұрсын да алматылықтарды мерекемен құттықтады:

«Бүгін – халқымыздың жүрегіне ерекше жақын, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің рухын айшықтайтын күн – Республика күні.

Бұл мереке – халқымыздың азаттық жолындағы асыл мұраттарының жүзеге асқанын білдіретін тарихи дата. Республика күні – елдіктің, тұрақтылықтың және бірліктің мерекесі.

Алматы қаласының тұрғындары атынан баршаңызды осы қастерлі күнмен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы елдің дамуына өз үлесін қосып, ортақ үйіміз – Отанымыздың игілігі үшін аянбай еңбек етсін.

Баршаңызға зор денсаулық, амандық пен мол шаттық тілеймін.

Мереке құтты болсын! Республика күнімен!»

Оқылып жатыр

Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі

Алматыда Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша дауыс беру басталады

Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа мектеп ашылады

Республика күні қарсаңында Наурызбай ауданында №202 жаңа балабақша ашылды

Республика күніне орай Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады

Соңғы жазбалар

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

25 Қазан, 2025

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

25 Қазан, 2025

Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті

25 Қазан, 2025

SABA Group компаниясы Республика күніне арналған мерекелік шара өткізді

25 Қазан, 2025

Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне 600-ден аса тұрғын қатысты

25 Қазан, 2025

Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

25 Қазан, 2025

Республика күніне орай Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды

25 Қазан, 2025

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

25 Қазан, 2025

Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ақмолалықтар 500 тоннаға жуық өнім саудалады

25 Қазан, 2025

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.