Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Неге айыппұл салмайды»: Қазақстанды шулатқан Павел Дуров Көлсайда шомылып жүргенін көрсетіп, тағы сынның астында қалды

7 Қазан, 2025

Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

7 Қазан, 2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

7 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Неге айыппұл салмайды»: Қазақстанды шулатқан Павел Дуров Көлсайда шомылып жүргенін көрсетіп, тағы сынның астында қалды
  • Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады
  • Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды
  • «Құранмен сендірген»: Ақтөбеде 136 адамды тақырға отырғызған халық емшісі сот залынан босап шықты
  • Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті
  • 4 500 жұмыс орны және 70 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында ең ірі логистикалық парк ашылды
  • Тосын қоңырау: Бектенов Үкімет отырыс кезінде күтпеген «звоноктан» кейін залдан шығып кетті
  • «Ақтөбеге тойға барған»: Тамар Асардың өгей баласының неден қайтыс болғаны белгілі болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 7 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті

7 Қазан, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

300-ден астам қонақ және 25 жетекші спикер. Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

24–25 қыркүйек күндері Алматы халықаралық архитектуралық диалогтың орталығына айналды. Мұнда SHARE KAZAKHSTAN-2025 атты ауқымды халықаралық форум өтіп, оған әлемнің түрлі елдерінен келген 300-ден астам жетекші сәулетші, инженер, девелопер және құрылыс саласының сарапшылары қатысты.

Іс-шараның Бас серіктесі елдегі жетекші құрылыс компанияларының бірі — RAMS QAZAQSTAN болды. Компания тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік саласында ірі жобаларды жүзеге асырып келеді және өз жобаларын Қазақстанмен қатар Түркия, БАӘ, Германия, Әзербайжан, Венгрия, Таиланд, Ресей, Ирак, Албания және басқа да елдерде таныстырды.

Алғаш рет Алматыда әлемнің үздік архитектуралық бюроларының өкілдері баяндама жасады. Олардың қатарында: Zaha Hadid Architects (Ұлыбритания), Paragram Stúdió (Венгрия), XTU Architects (Франция), MAD Architects (Қытай), United Network Studio (UNS) (Нидерланд), сондай-ақ Қазақстанның, Орталық Азия мен Еуропаның жетекші сәулетшілері бар.
Спикерлер арасында Sergiu Petrea (TecTo Arhitectura), Simone Sfriso (TAM Associati, Италия), Marc Raehse (LIXIL), Benjamin Walker (LDA, Ұлыбритания) және басқа да әйгілі мамандар болды.

Форум бағдарламасына әлемдік сарапшылар қатысқан панельдік пікірталастар, урбанистика мен қала құрылысы саласындағы инновациялық шешімдердің таныстырылымдары, сондай-ақ тұрақты архитектура, энергоүнемді технологиялар мен құрылысты цифрландыру бағыттарындағы өзекті трендтерді талқылау енді. Бұл тәжірибелер Алматының инфрақұрылымын дамытуда да қолданылмақ.

«Біз SHARE форумын Қазақстанда, Алматыда өткізіп отырғанымызға қуаныштымыз. Бұл қала – аймақтың мәдени әрі экономикалық орталығы ғана емес, сонымен қатар архитектураның болашағы туралы диалог үшін маңызды алаң. Халықаралық тәжірибе мен жергілікті сараптаманың синергиясы дәстүр мен заманауи тәсілді ұштастыратын жаңа тұрақты жобаларға шабыт береді деп сенеміз. Осы форумның Бас демеушісі ретінде қолдау көрсеткені үшін RAMS QAZAQSTAN компаниясына алғыс білдіреміз», – деді SHARE Architects негізін қалаушы Флорин Миндириджиу.

Zaha Hadid Architects директоры, әлемдегі ең беделді архитектуралық бюролардың бірін басқаратын Мануэла Гатто да форум туралы өз ойымен бөлісті:

«Мен үшін бүгін алғаш рет Қазақстанда, Алматыда болу – үлкен құрмет. Қаланың ауқымына, даму қарқынына және урбанистикалық саясаттағы айқын көзқарасына таңғалмасқа болмайды. Алматы – мәдени орталық қана емес, ең озық архитектуралық шешімдерді жүзеге асыруға ұмтылған қала. Бүгін мен RAMS QAZAQSTAN компаниясының жергілікті және халықаралық жобаларымен таныстым және олардың ауқымына шын мәнінде таңғалдым. Осындай деңгейдегі форумдарды қолдап, кәсіби диалогқа мүмкіндік жасап отырған мұндай компаниялардың болуы – өте маңызды. Біздің бүгінгі таныстығымыз үлкен ынтымақтастықтың бастауы болады деп сенемін. Жақын болашақта RAMS QAZAQSTAN компаниясымен бірге Қазақстанда бірлескен жоба жүзеге асырамыз деген үміттемін. Халықаралық тәжірибе мен жергілікті сараптаманың үйлесуі шын мәнінде бірегей нәтижелерге жеткізе алады», – деді ол.

Бұл пікірді Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Тимур Нартаев те қолдады:

«Мен RAMS QAZAQSTAN компаниясының дамуын бұрыннан бақылап келемін. Олардың жұмыстарының сапасы жыл сайын өсіп келе жатқанын ерекше атап өткім келеді. Бұл әсіресе соңғы жобаларынан айқын көрінеді. Архитектуралық тұрғыдан да талантты мамандардың қатысуы қуантады. Компаниядан жақын уақытта жаңа қызықты жобалар күтемін», – деді ол.

Форум Алматыны архитектура мен инновацияның заманауи орталығы ретінде ілгерілетудің тағы бір маңызды қадамы болды. Мұнда Еуропа, Азия және Қазақстанның үздік тәжірибелері тоғысып, жаңа кәсіби серіктестіктерге жол ашылды.

SHARE KAZAKHSTAN-2025 Архитектура Урбанистика

Оқылып жатыр

Қыркүйекте Ұлттық қордан 357 млрд теңге шығын болған

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы

Әскерке келіп 1 аптадан соң қайтыс болған 18 жастағы Нұрасылдың қазасы қоғамды дүр сілкіндірді

Биліктен байлыққа, байлықтан қашқындыққа: Елден безген шенеуніктер кімдер?

Теңгеге қысым күшейіп, доллар қымбаттай береді — Мақсат Халық

«Неге әскерге бармайды?»: Желіде Шерхан Қалмырза туралы тағы бір дау туды

Соңғы жазбалар

«Неге айыппұл салмайды»: Қазақстанды шулатқан Павел Дуров Көлсайда шомылып жүргенін көрсетіп, тағы сынның астында қалды

7 Қазан, 2025

Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

7 Қазан, 2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

7 Қазан, 2025

«Құранмен сендірген»: Ақтөбеде 136 адамды тақырға отырғызған халық емшісі сот залынан босап шықты

7 Қазан, 2025

Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті

7 Қазан, 2025

4 500 жұмыс орны және 70 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында ең ірі логистикалық парк ашылды

7 Қазан, 2025

Тосын қоңырау: Бектенов Үкімет отырыс кезінде күтпеген «звоноктан» кейін залдан шығып кетті

7 Қазан, 2025

«Ақтөбеге тойға барған»: Тамар Асардың өгей баласының неден қайтыс болғаны белгілі болды

7 Қазан, 2025

Арқалықта нейрохируг мас күйінде ота жасаған деген күдікке ілінді: министр пікір білдірді

7 Қазан, 2025

Жамбыл облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары ұсталды

7 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.