Алматы прокуратурасының нұсқауымен дербес деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
«14 ақпан күні Бостандық ауданының Полиция басқармасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің медициналық құпияны құрайтын жеке деректер мен мәліметтерді тарату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді», — деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.