Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді

9 Қыркүйек, 2025

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді
  • «Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты
  • «Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)
  • Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
  • «Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)
  • «Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады
  • Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр
  • Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 10 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматыда тау бөктері жылжып, бір отбасы түгелдей үйінді астында қалды

Алматыда тау бөктері жылжып, бір отбасы түгелдей үйінді астында қалды

8 февраля, 2024 Басты тақырып
Фото: Алматы қалалық ТЖД
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда тау бөктері жылжып, топырақ тұрғын үйді басып қалды. Жер үйдің ішінде бір отбасының төрт адам басылып қалған деген болжам бар. Құтқарушылардың мәліметінше, үйінді астында қалғандардың екеуі ересек, екеуі бала, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, Алматы қаласында 8 ақпанда сағат 02-20-да Медеу ауданында Тау-Самал шағынауданында топырақ көшкіні болды. Алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың батпақтануына байланысты жылжыма түскен.

Оқиға орнына дереу «Қазселденқорғаудың», Алматы қалалық «109» құтқару қызметінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары ТЖМ 28237әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Екі үйге зақым келгені анықталды.

«Техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан, көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түсті.  Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған», – делінген ТЖД хабарламасында.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Олар № 47 мектепке орналастырылды. Оларға түнеу орны, жылы шай және басқа да қажетті көмек көрсетілді. Жиналу пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті. Оқиға орнына ТЖД басшылығы жетті. ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары тексеру жүргізіп жатыр.

Талдауға сәйкес, қардың едәуір мөлшерінің түсуіне байланысты орта таулы және биік таулы аймақтарда тау беткейлеріндегі қар тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні қаупі бар. Алматы қаласында жылжыма түскен орында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда

«Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Оқиға орнында ТЖД психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр. Ықтимал зардап шеккендерді іздеу жалғасуда. Үйлердің жақын орналасуы, техниканы пайдалану мүмкіндігінің болмауы жұмыстарды қиындатуда. Ақпарат толықтырылатын болады. Тек ресми деректерге сенуді сұраймыз», – делінген хабарламада.

Оқиға орнына қала әкімі Ерболат Досаев келді. Ол үйінді астында қалған адамдарға жету үшін құтқару жұмыстарының әлі жалғасып жатқанын айтты.

8 ақпан 02-20 сағат ішінде «Тау Самалы» Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топврақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні жүрді.

Оқылып жатыр

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

Вашингтонның визалық талабы: АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктер Астанаға ағылатын болды

«Маған парламенттік реформа туралы айту оңай емес»: Тоқаев кезінде өзі 10 жыл басшылық еткен сенатты таратуды ұсынды

«Бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы»: Тоқаев туризм саласын сынға алды

Президент бүгін Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялайды

Соңғы жазбалар

«Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді

9 Қыркүйек, 2025

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

«Елдің сөзін құлағына да ілмеді»: Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырды (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

«Көргенсіздік көрсетіп отырғандардың дені – әйелдер»: Света Айтбаева қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдердің бар екенін растады

9 Қыркүйек, 2025

Астанада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өңірлерден 10 есе артық – министр

9 Қыркүйек, 2025

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

9 Қыркүйек, 2025

Хазірет ауылына көгілдір отын жетті

9 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.