ҰҚК Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.
— Лауазымды адамдар ҚР Қылмыстық кодексінің 361-ші («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану»), 362-ші («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») және 366-шы («Пара алу») баптарында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасады деген күдікке ілінген, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Ақпаратқа сәйкес, сот санкциясымен 3 қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Жедел тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.