Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Жалпы жалақы»: Ұлттық банк төрағасы 1,7 миллиард теңге сыйақы алғаны рас па?

28 Қараша, 2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

28 Қараша, 2025

«Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

28 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жалпы жалақы»: Ұлттық банк төрағасы 1,7 миллиард теңге сыйақы алғаны рас па?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
  • «Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған
  • Алматыда «Жасанды интеллект және әдебиет» тақырыбында ғылыми конференция өтті
  • 51 жастағы Баян Алагөзованың жағажайдағы суреті желіні жарды
  • Парламентке енді кімдер келеді? Тоқаев жаңа талаптарды жариялады
  • Тоқаев ауыл әкімдерін жақтап сөйледі: Оларға қандай билік беріледі?
  • Әкім – халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші — Тоқаев
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 28 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматыда «Жасанды интеллект және әдебиет» тақырыбында ғылыми конференция өтті

Алматыда «Жасанды интеллект және әдебиет» тақырыбында ғылыми конференция өтті

28 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

ҚР Ұлттық кітапханасында «Жасанды интеллект және әдебиет» атты ғылыми конференция өтті. Аталған жиын қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі – жасанды интеллекттің әдебиет пен мәдениет салаларына ықпалын ғылыми тұрғыда зерделеуге арналды. Бүгінде жаңа технологиялар дамып, жасанды интеллект шығармашылық үдерістерге белсенді араласа бастады. Осы орайда оның көркем әдебиетке тигізер әсері, мүмкіндіктері мен туындауы мүмкін тәуекелдер терең талдауды қажет етеді. Бұл туралы Todayinfo.kz сайты жазды.

Осы мәселелерге орай Мемлекет тарихы институтының Ғылыми-ақпарат бөлімінің басшысы Аманғосов Еркебұлан Русланбекұлы өз баяндамасында жасанды интеллектіні пайдалануға байланысты маңызды тарихи аспектілерге тоқталды. Ол ЖИ-дің тарихи деректерді өңдеу барысында орын алуы ықтимал бұрмалаушылықтар мен ақпараттық қателіктердің қауіптілігіне назар аударып, әсіресе фольк-хистори мен жалған нарративтердің таралу қаупін атап өтті. Генеративті ЖИ-дің «ескі фото» немесе «архив құжаты» сияқты жасанды материалдар тудыруы қоғамның тарихи санасына кері әсер етуі мүмкін екендігін айтты. Дәл осы себепті бірқатар елдерде архивтер мен музейлер жанынан ЖИ нәтижелерін кәсіби тарихшылар сараптайтын арнайы кеңестер жұмыс істейтіні, ал ЮНЕСКО мен Еуропалық комиссия тарихи деректерді тексеру мен этикалық шектеулер енгізу тетіктерін ұсынып отырғаны баяндалды. Ғалым қорытындылай келе, жасанды интеллектпен жұмыс «тарихшы – ЖИ – қоғам» үштағаны негізінде құрылуы тиіс екенін, тарихи пайым жасау міндеті адам мамандарға ғана тиесілі болу керектігін атап өтті.

Конференцияның басты мақсаты – жасанды интеллект пен әдеби шығармашылықтың өзара байланысын саралап, авторлық құқық пен тілдік-эстетикалық нормаларға қатысты жаңа сұрақтарға жауап іздеу болды. Сонымен қатар ЖИ-дің әдеби тілге, көркем ойлауға және ұлттық әдебиет дамуына ықпалы да назарға алынды.

Іс-шара барысында әдебиеттанушылар, қаламгерлер, зерттеушілер мен сала мамандары баяндама жасап, ашық пікір алаңы ұйымдастырылды. Олар жасанды интеллект әкелетін тың мүмкіндіктер мен сын-қатерлерді, сондай-ақ шығармашылық еркіндік пен этикалық жауапкершілік мәселелерін талқылады.

Конференцияға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері,         М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің оқытушылары және жас зерттеушілері қатысты.

жасанды интеллект

Оқылып жатыр

«Жалпы жалақы»: Ұлттық банк төрағасы 1,7 миллиард теңге сыйақы алғаны рас па?

«Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

«Ешқандай қойылым емес»:  Министр ұшақта құтқарған кісі танымал журналист болып шықты

«Мен тірімін — айыбым сол ғана»: Сарбаз өліміне күдікті командир сотта өз шындығын айтты

«Мен антиваксер емеспін»: Дидар Смағұлов неге Sanofi вакцинасына қарсы екенін нақты дәлелдермен түсіндірді

«Көпшіліктің көзінше бөксемнен ұрды»: Астанадағы фитнес-клубтың жаттықтырушысы әріптесінің әрекетіне шағымданды

Соңғы жазбалар

«Жалпы жалақы»: Ұлттық банк төрағасы 1,7 миллиард теңге сыйақы алғаны рас па?

28 Қараша, 2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

28 Қараша, 2025

«Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

28 Қараша, 2025

Алматыда «Жасанды интеллект және әдебиет» тақырыбында ғылыми конференция өтті

28 Қараша, 2025

51 жастағы Баян Алагөзованың жағажайдағы суреті желіні жарды

28 Қараша, 2025

Парламентке енді кімдер келеді? Тоқаев жаңа талаптарды жариялады

28 Қараша, 2025

Тоқаев ауыл әкімдерін жақтап сөйледі: Оларға қандай билік беріледі?

28 Қараша, 2025

Әкім – халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші — Тоқаев

28 Қараша, 2025

«Ешқандай қойылым емес»:  Министр ұшақта құтқарған кісі танымал журналист болып шықты

28 Қараша, 2025

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Оқушылар сарайы мен Алматы музейінің жұмысымен танысты

28 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.