Фото: Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі
Бүгін таңертең Алматының Бостандық ауданында №7 троллейбустың ішінен өрт шықты, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 08:04-те оқиға орнына екі өрт сөндіру бөлімшесінің күштері мен құралдары шыққан. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 08:10-да оқшауланып, 08:15-те жойылды. Өрт алаңы – 20 шаршы метр. Жолаушылар салоннан шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.