Алматыда ҚР Орталық мемлекеттік музейінің жанындағы журналистер скверін реконструкциялау жұмысы аяқталды.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, сквер аумағы – 1,3 гектар. Ол 1997 жылы салынды және жаңартуды қажет етті. Өйткені осы уақыт ішінде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Жаңарту барысында кеспе тас төсеу, жиектастарды монтаждау жұмыстары жүргізілді, 12 жаңа орындық пен 14 қоқыс жәшігі орнатылды. 3,8 мың бұта мен 10 түп туя ағашы отырғызылды. Сонымен қатар Меңдіқұлов көшесіне қарай қосымша жаяу жүргіншілер жолы салынды.