Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды
  • Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді
  • Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген
  • Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 25 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматыдағы жер дауы немесе Байбек пен Сағынтаевты антикор неге тексермеді – мәжілістегі «батл»

Алматыдағы жер дауы немесе Байбек пен Сағынтаевты антикор неге тексермеді – мәжілістегі «батл»

25 января, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Коллаж: ulysmedia.kz.

Базарбектің ашуы

Сондай сұрақтардың бірін Ұлан Сарқұловқа депутат Бақытжан Базарбек қойды. Оның сөзінше, мыңдаған кәсіпкерді алаңдататын сұрақ – шенеуніктердің қате шешімі үшін жауапкершіліктің жоқтығында. Депутат Қазақстанда мыңдаған адам еңбек ететін ондаған кәсіпорын барын атап өтеді. Әрбір адамның үйінде бес-алты адамнан бар.

– Шенеуніктер қабылдаған қаулылар арқылы біреулерге жерлер берілді. Өндірістік орындар солай ұстағанның қолында кетті. Ал тұрғындар қазір сотқа беріп жатыр. Бұлай кете берсе, елдегі үш-төрт кәсіпорын жабылады. Шенеуніктер қабылдаған шешімі мен шығарған қаулысы үшін жазаланған жоқ. Өкінішке қарай, осы заң жобасында кәсіпкерлер көргісі келген норманы көрмей отырмыз. Мен де көрмедім. Шенеуніктердің қаулысының күшін жойған соттардың шешімдері бар. Бірақ ол шенеуніктер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Мәселені қалай реттейсіздер деп сұрады, – Базарбек.

«Жұмыс ретімен жүргізіліп жатыр»

Бұл сұраққа жауап берген Сарқұлов депутаттың «эмоционалды сұрағына» алғысын айтып бастап, әр жағдайға жеке тоқталу керектігін айтады.

– Мұндай факттар жоқ демейміз. Расында да, бар. Қордаланып та қалды. Әділетсіздіктер де көп болды. Дойнг бизнес тағы басқасы бар… Солар жазасыз сіз айтқандардың іске аса беруіне жол ашты. Төтенше жағдайлар бойынша, эскиздер бойынша ешкім ешкіммен мақұлдаспайтын. Жұмыс комитетінде сізбен осы мәселені талқылаған едік, – дейді ол.

Антикор басшысының орынбасары Алматының таулы бөктерінде заңсыз 54 құрылыс анықталғанын айтады. 35-і бойынша олар мемлекетке қайтарылуы керектігі турасында сот шешімі шыққан. Екі нысан сүрілген. Сарқұлов лауазымды адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқанын айтады. «Яғни тиісті шаралар қабылданып жатыр, жұмыс бір орында тұрған жоқ» дейді ол.

Депутат сот әкімдердің қаулысын заңсыз деп танығанын еске салды

Десе де антикоршының жауабы депутатты қанағаттандырған жоқ. Бақытжан Базарбек 2021 жылы антикорға Алматының бұрынғы әкімдері Бауыржан Байбек пен Бақытжан Сағынтаевтың үстінен арыз түсіргенін есіне салды. Айтуынша, агенттік екеуінің үстінен де іс қозғамаған.

– Проблема неде сонда? Бізде заң тиісе алмайтын адамдар бар ма? Мұны қалай түсінуге болады? – дейді ол.

Сарқұлов та жауабынан тайған жоқ. Әрбір эпизод жеке қаралатынын айтып, жауабын қайталады. «Құқықтық негіз болу керек» дейді ол. Ал Базарбек сот шешімімен әкімдер заңсыз қаулы шығарғанын еске салды. Базарбектің айтуынша, ауыл немесе аудан деңгейіндегі шенеунік осындай бапты бұзса, сотталып кететінін, ал бұл жағдайда заң «таңдаулы сипатқа ие екенін» айтады. Сарқұлов сонда да «бұл дұрыс емес ойлам» деп өз пікірінде қалды.

Еске сала кетейік, мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбекке бұған дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жері әлі күнге дейін жер қайтарылмағанын хабарлаған еді.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Алматыдағы Антикор Байбек батл дауы жер мәжілістегі неге немесе пен Сағынтаевты тексермеді

Оқылып жатыр

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

Соңғы жазбалар

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.