Бүгін Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушы көз жұмған еді. Олар 84 жастағы Аққоян Ырысалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади. Екеуі де 21 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтпек болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жарыс кезінде жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Todayinfo.
Марқұм Аққоян Ырысалиев Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тұрғыны. Ол спорт саласында сыйлы азамат болатын. 2011 жылдан бері әлемнің түрлі елдерінде өткен 18 марафонға қатысқан. Ондаған марапаттың иегері, артынан ерген жастардың үлгі тұтар тұлғасына айналған.
Марафон ұйымдастырушылары мен қала билігі марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасатындарын жеткізді. Оқиғаға байланысты тиісті органдар тергеу жұмыстарын бастады.