23 қаңтарда сағат 18:09-да ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмология институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Todayinfo.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 12.1, ал MPV магнитудасы — 5,4. Эпицентрдің координаттары — 41.42° С. Е. 78.80° ш.б., тереңдігі — 5 км. MSK-64 шкаласы бойынша, Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ», — делінген хабарламада.
Дереккөз: Халық үні
Todayinfo.kz