Жер сілкінісі Қытай аумағында тіркелді
2025 жылдың 2 қаңтарында сағат 09:40:48-де Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСНИ» сейсмикалық станциялар желісі Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің координаттары:
- Ендік: 43.950° с.ш.
- Бойлық: 81.160° ш.ш.
Оқиға орны Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің тереңдігі 12 шақырымды құраса, магнитудасы 4.8 деңгейінде болды. Энергетикалық классы – 10.9.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Бұған дейінгі жер сілкіністері
2024 жылдың 31 желтоқсанында Қырғызстан аумағында, Қазақстанмен шекараға жақын жерде де жер сілкінісі тіркелген болатын. Оның эпицентрі Арсы ауылынан 7 шақырым және Семіз-Бель ауылынан 10 шақырым қашықтықта анықталған. Сонымен қатар, осыған дейін Каспий теңізі аумағында жер сілкінісі орын алған.