фото: Inbusiness.kz
Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 364 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 19 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 11:30-да жер сілкінісін тіркеген.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде орналасқан», — делінген хабарламада. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
Қазақстан Ұлттық деректер орталығының хабарлауынша, жер асты дүмпулерінің магнитудасы 4,4 болған.
Еске сала кетейік, 17 қаңтар күні Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген еді. Сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында 2 балл, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында 2 балл болып сезілген.