Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді
  • «Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды
  • Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
  • «Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды
  • «Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды
  • Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды
  • «Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды
  • Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматылық дәрігерлер жамбас кемістігінің зардабын тартып келген жас келіншекке ота жасады

Алматылық дәрігерлер жамбас кемістігінің зардабын тартып келген жас келіншекке ота жасады

5 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жамбастың туабітті ақауы салдарынан мүгедек атанған 28 жастағы келіншекке бірегей ота жасап, көп жылдардан бері жанын қинаған аурудан айықтырды, деп хабарлайды Todayinfo.

Науқас туабітті дисплазия, жамбас буынының дамымауы, жамбастың жоғарғы жағының шығып кетуі сынды диагноздармен өмір сүріп келген. Салдарынан бір аяғы екіншісінен 10 см қысқарып, өмір бойы аяғын сылтып басатынын айтады. Оған қоса, соңғы жылдары тізе буындары, жіліншігі ауырып, аяқтарының қозғалуы қиындаған. Уақыт өте келе жамбасы қисайып бел ауруына душар болыпты.
Жетінші аурухананың травматолог-ортопед мамандары консилиум ұйымдастырып, науқасқа ота жасау туралы шешім қабылдады.

«Біз сүйек осін реттеуге арналған остеотомия әдісін қолдандық. Пациенттің аяғын созып ұзартып, шетелде шығарылған заманауи эндопротез орнатылды. 28 жыл өмірін осы кемістікпен күресуге арнаған науқас операциядан кейін екінші күні-ақ аяққа тұрды, арнайы құрылғының көмегімен жүріп-тұра бастады. Өмірге құлшынысы артып, көңіл-күйі көтерілген пациенттерді көру біз үшін де үлкен бақыт», — дейді аурухананың Полижарақат бөлімшесі меңгерушісі Рамазан Аскеров.

Дәрігердің айтуынша, бұл өте күрделі ота. Себебі операция барысында буын мен жүйке жүйесінің зақымдану қаупі туындайды. Оның үстіне, аяқты созып ұзартқан кезде құйымшақтағы нерв қысылып, буындар үзіліп кету қаупі жоғары болатын. Жалпы, асқан біліктілік пен дәлдікті, ептілікті талап ететін мұндай хирургиялық операциялар өте сирек жасалады, дейді маман.
Бас-аяғы 5 сағатқа созылған бірегей оты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды.

Оқылып жатыр

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

«Еш ұялмастан келіп бүлдірді»: Амантай қажының басы тағы дауға ілікті

Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

Соңғы жазбалар

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025

«Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды

19 Қыркүйек, 2025

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

19 Қыркүйек, 2025

«Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды

19 Қыркүйек, 2025

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

19 Қыркүйек, 2025

«Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған

19 Қыркүйек, 2025

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.