Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматылықтар МӘМС қаражатынан 76 млрд теңге жұмсады

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 76 млрд теңге жұмсады

10 Шілде, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына алматылықтардың алған медициналық көмегі үшін 76,3 млрд теңге төледі, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артық.

МӘМС пакетінен алынған қаражатқа нақты тоқталар болсақ, шығынның басым бөлігі, яғни 43,8 млрд теңгесі стационарлық көмекке, шамамен 2,8 млрд теңгесі күндізгі стационар қызметіне,  15,2 млрд теңге консультативтік-диагностикалық қызметтерге, жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операцияларға 10,3 млрд теңге, медициналық реабилитацияға 3,7 млрд теңге жұмсалған.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың арқасында азаматтар жыл сайын түрлі хирургиялық оталарды жасатуға мүмкіндік алып отыр. Олардың арасында бағасын көпшіліктің қалтасы көтере бермейтін қымбат операциялар да бар. Құны бірнеше миллион тұратын қымбат оталарды   сақтандырылған азаматтар төлеген жарнасының мөлшеріне қарамай жасата береді. МӘМС жүйесіндегі ортақ жауапкершіліктің мәні осында», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.

Мысалы, осы жылы Алматы қаласында жалпы алғанда 8,8 млрд теңгеге 2995 операция жасалған. Бір отаның құны орта есеппен 3 млн теңгеге шығады. Сонымен қатар, 1871 нейрохирургиялық операция жасалған. Оған Қор 3,2  млрд теңге төледі. Тізе және жамбас буындарын алмастыру операцияларына деген сұраныс та өте жоғары. Алматыда 2009 буын алмастыру отасы жасалыпты. Операциялардың жалпы құны 3,2 млрд теңгеге жетіп жығылады

Тағы да  нейро-қан тамыр және қан-тамыр жүйесіне жасаған 2083 отаға Қор 2,9 млрд. теңге төледі. Сонымен қатар, оңтүстік астанамызда жалпы құны 244,7 млн теңгелік 38 бауыр, бүйрек және жүрек алмастырылды. Мұндай бір отаның құны 10 млн теңгеге дейін жетіп жығылады және бүгінде бұл шығындар МӘМС қаражаты есебінен өтеліп жатыр.

Ең қымбат оталар үштігі:

1.Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесі (LVAD) – бұл жүрекке қанды айдауға көмектесетін механикалық қондырғы. Ол транслантацияны күтіп жүрген немесе жүрегін алмастыруға болмайтын науқастарға қолданылады. Біреуінің құны – 77,5 млн теңге. 2025 жылы осындай 1 ота жасалды;

2.Жүректің митралды қақпақшасын алмастыру, құны – 17 млн теңге. 2025 жылы осындай 2 ота жасалды

3.Аллогенді гемопоэтикалық дің жасушаларын алмастыру, құны – 17 млн теңге.

Оқылып жатыр

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды

Қаладағы жаңа құрылыс қалай ақылға қонымды болуы мүмкін?

Алматы әкімі қала тазалығын бақылауға алу мен тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беруді тапсырды

Сарапшылар Алматыда атмосфералық ауаны қорғау бойынша жаңа ережелер жобасын қолдады

Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашылды

Соңғы жазбалар

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.