Алматының Медеу ауданында негізінен жер үйлер орналасқан таулы ауданда газ қысымы төмендеп кетті.
«Горный Гигант» ықшамауданының тұрғындары үйінде газ тапшылығы бар екенін айтып шағымданды.
Алматы әкімдігі газ тарату желілерінде апат болған жоқ дейді.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жедел тобы газ қысымының түсіп кетуіне себеп болған олқылықты іздеп жатыр. 22 ақпан сағат 23:30-дағы ахуал бойынша газ тарату желілеріндегі ақаудың себебі әлі анықталған жоқ. Оқиға орнында газ қызметінің жедел топтары жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады қала әкімдігі.
Шағымдану немесе төтенше жағдайдың себептері мен мерзімі туралы ақпарат алу үшін ҚазТрансГаз Аймақ жедел диспетчеріне 104 немесе 396-96-10, 253-02-07 нөмірі арқылы хабарласа аласыз.