Астанада өткен айтыста Бас жүлдеге ие болған ақын Айбек Қалиевке пәтер берілді, деп хабарлайды Todayinfo Qazaqstan tv-ге сілтеме жасап.
«Адамзаттың бәрін сүй!» атты республикалық ақындар айтысы екі күнге созылды, оған 14 ақын қатысты.
Бас жүлде және «Алтын домбыра» иегері атанған Айбек Қалиевке Астана қаласынан пәтер кілті табысталды.
1-орынды Бексұлтан Орынбасар, 2-орынды Нұрбол Жауынбаев пен Серік Қуанған, 3-орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами иеленді.
Сонымен қатар ақтық сынға шыққан ақындар арнайы жүлделермен марапатталды.
Фото: скрин