Фото: видео скриншот
Қазақ КСР-інің халық әртісі, театр мен киноның абыз тұлғасы Асанәлі Әшімовтің видеосы әлеуметтік желіде лезде таралып, көпшіліктің ерекше назарын аударды, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазбада аңыз актер шәкірті — Жұмағали Махановқа кітаппен әзіл аралас түртіп тұрған сәті көрсетілген. Ұстаз бен шәкірт арасындағы бұл жеңіл қалжың жұрттың көңілін көтеріп, желі қолданушылары олардың жылы қарым-қатынасына сүйсіне қарады.
Роликте Жұмағали Маханов та бұл әрекетті әзіл ретінде қабылдап, күліп жауап береді.
«Театрға алғаш келген күнім есімде. Ол кезде біз үшін Шахан Мусин, Нұрмұхан Жантөрин, Ыдырыс Ноғайбаев, Жұмабай Медетбаев сынды ағалар, сондай-ақ Сәбира Майқанова, Бикен Римова, Шолпан Жандарбекова, Қадиша Бөкеева секілді апаларымыз үлкен мектеп болды. Қазіргі ақсақалдар — Сәбит Оразбаев пен Асанәлі Әшімов ағаларымыз сол биік ұрпақтың жалғасы. Мені театрда 40 жыл ұстап тұрған — осындай алыптардың қамқорлығы», – деп айтқан еді актер.
Ал желі қолданушылары видеодағы сәтке түрліше пікір білдірді:
«Артынша садақпен атпағанына рақмет»,
«Біртүрлі көрінді, ренжіп қалғандай»,
«Асанәлі ақсақал қылық шығарыпты»,
«Бастан ұрма дейді ғой, бағы таяды»,
«Қарапайым әзіл ғана, ештеңесі жоқ».
@myngzhanmoldabek♬ оригинальный звук — Ардак Елеусиз

