Бүгін назарларыңызға American Thinker басылымының «Америка Құрама Штаттарының исламдануы» атты мақаласын ұсынамыз. Басылымның жазуынша, Мамданидің Нью-Йорк мэрі болып сайлануы АҚШ-тың исламдануының айқын дәлеліне айналды. Мақала авторы мұсылман мигранттардың жергілікті халықтарға өз дінін таңуға әлдеқашан кіріскенін алға тартады. Және бұл олардың өз халқына опасыздық жасап отырған батыс билігінің көмегімен жүзеге асуда.
***
Нью-Йорк мэрі болып исламшыл-коммунист Зоран Мамданидің сайлануы Американы бірнеше тұрғыдан қорлау болып табылады. Бұл — капиталистік экономика арқылы қалың бұқараны байытуға қол жеткізген елдегі жеке кәсіпкерлік пен бостандық қағидаттарына жасалған соққы. Және бұл — Кореяда, Вьетнамда және Қырғи қабақ соғыс кезінде сол бір қатерлі идеологиядан туындаған КСРО-ға қарсы күрескен Америкаға жасалған опасыздық.
Коммунист мэрдің сонымен қатар мұсылман әрі белсенді болуы және 11 қыркүйек оқиғасынан кейін небәрі 24 жыл өткен соң қуатты мұсылман лоббилерімен байланыс орнатуы — нағыз арандатушылықтың шыңы. Америка Еуропаны (мен тұратын жерді) қайтпас нүктеге жақындатып, сиқын бұзған (ЕО көшбасшылары ұйымдастырған) мұсылман басқыншылығына орынды түрде налиды, алайда өз шекараларындағы дәл сондай жүгенсіз зұлымдықтың ауқымын толық бағамдамаған сияқты.
Жалпы ағылшын тілді әлемде, әсіресе Ұлыбританияда, соңғы жиырма жылда көшелерде, мемлекеттік және жеке жұмыс орындарында, тіпті Вестминстердегі Парламентте де оранған әйелдерді көріп жүрміз. АҚШ-та бұл жағдай енді Конгреске де жетті.
Бұл Конституцияда бекітілген діни бостандыққа деген қасиетті құрметтің арқасында орын алды. Бірақ дәл осы жерде біздің ағылшын достарымыз үлкен қателікке бой алдыруда. Бұл мұсылман иммигранттар Англияға, Америкаға, Канадаға, Австралияға немесе Жаңа Зеландияға діни қудалаудан қашып немесе діндерін ұстануға тыйым салынғандықтан келген жоқ. Керісінше. Олар басқа көптеген зұлымдықтардан қашқан болуы мүмкін, бірақ бұл себептен емес.
Қисынға салсақ, мұсылман әйелдер өз діндерінің оларға көрсететін қысымынан қашуы керек еді. Бірақ мүлде олай емес. Мұсылман иммигранттардың көпшілігі өз діндерін бізге таңу үшін, сол діннің талаптарына сәйкес және бәлкім, өздері келген елдердің билігінің бұйрығымен алып келді. Америкада мешіттер көптеп салынуда және ел көшеде намаз оқуды көре бастады. Оның үстіне, мұсылманның «мұсылман ретінде» сайлануы тек Нью-Йоркте ғана емес. 4 қарашада мұсылмандар басым бірқатар елді мекендерде де осы жағдай қайталанды.
Жауынгер мұсылмандар барлық солшыл қозғалыстармен, тіпті ЛГБТ++ қозғалыстарымен де табиғи түрде одақтасып алған. Францияда анархо-коммунист Жан-Люк Антуан Пьер Меланшон оларды мақтанышпен таныстырады. Ұлыбританияда премьер-министр Стармер мұсылмандардың (Британияда туғандар да, иммигранттар да) жасаған қылмыстары мен заң бұзушылықтарын жасыру үшін барын салып, оңды-солды рыцарьлық атақтар таратуда. Лондонды пышақпен кісі өлтіру астанасына айналдырған Садик Хан сияқты сұмырай қазір «сэр Садик» атанып отыр, оған бұл атақты эко-фундаменталист король III Чарльз еш ойланбастан бере салды.
Еуропалық Одақ, американдық солшылдар және барлық батыс элитасы Үшінші әлемнен ағылып жатқан миллиондаған иммигранттарға қақпаларын айқара ашты. Байден тұсында төрт жыл бойы олардың саны күніне 10 000 адамды құрады. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот қазір екінші, үшінші және одан кейінгі әйелдеріне, сондай-ақ олардың балаларына құқықтар мен жеңілдіктер беру мәселесін қарастыруда.

