Фото: sportinfo.kz
Америкалық кәсіпқой боксшы Чордейл Букер Жәнібекпен жекпе-жекке шықпақ
Америкалық боксшы Чордейл Букер (23-1, 11 КО) кәсіпқой рингте WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Жәнібек бұған дейін дивизионда ешкім онымен жұдырықтасқысы келмейтінін жазған еді.
«Мен бармын. Егер біреудің орын ауыстыруға қарсылас қажет болып жатса, маған айтарсың», — деп жазыпты ол Жәнібектің жариялымына жауап ретінде.