АҚШ-тың Флорида штатында тұратын Ая Блумер (қазақша аты-жөні – Төлепова Аяулым Нариманқызы) Қазақстандағы туған анасын іздеп жүр, деп хабарлайды Todayinfo порталы.
2004 жылы 2 мамырда дүниеге келген Ая Орал қаласындағы №2 балалар үйінде тәрбиеленген. 2007 жылы оны шетелдік отбасы асырап алып, АҚШ-қа алып кеткен.
«Жақында 21 жасқа толамын. Қазақстан берген туу туралы куәлігімде менің шын атым Төлепова Аяулым Нариманқызы деп көрсетілген. Әке-шешемнің атын білемін. Анамды 7 жыл бойы іздеп келемін», – деп жазды ол.
Аяның айтуынша:
🔹 Әкесі туберкулезден қайтыс болған,
🔹 Анасы оны тастап кеткен,
🔹 Анасында одан бөлек 4 бала бар.
Қазір Ая туған анасын табуға бар күшін салып, ақпарат іздеп жүр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram