Фото: instagram.com/s_zholbarys_official
Сейфуллин Жолбарысты екінші әйелінің не себепті тастап кеткені белгілі болды. Оның бұрынғы әйелі Екатерина Вайт әншіден әрең құтылғанын ашық айтты. Тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында күйеуі өзін қатты күйзеліске түсіргенін жасырмады, деп хабарлайды Todayinfo.
Әнші 2 жыл бұрын ресми түрде ажырасып кетсе де, ел алдында бірге тұрып жатқандай кейіп танытып, өтірік сұхбат беріп жүрген. Халықтың алдына ерлі-зайыпты ретінде көрініп жүрген.
«Ажырасқаннан кейін мен бөлек кеттім. Қыздарыммен бөлек тұрдым. Ол қайта қосылуға талай тырысты. Қасыма келеді, мен кешіріп, қасыма кіргізіп алған кездер болды. Мен қайта қосылып кететін шығармыз деп ойладым. Бұлар сол аралықта түсірілген сұхбаттар. Ол ешкімге айтпай-ақ қояйық деді, — дейді Екатерина Вайт.
Ол бөлек кетуіне қыздары түркі болғанын жасырмады. Қыздары әкелерінен бөлек кетуді өтінген.
«Бөлек шығуыма қыздарым түрткі болды. Олар менің қандай күйзелісте екенімді көрді. Көз жасымды, бүкіл ауыртпашылықты ең бірінші сол қыздарым көрді. Олар «анашым, кетейікші» деп айта бастағаннан кейін мен ойлана бастадым. Бұл қыздарыма да ауыр тиіп жатыр деген сөз. Қыздарым ондайды көрмеуі керек», — деді әншінің экс-әйелі.
Дегенмен Екатерина ажырасуына не түрткі болғанын сол қалпы жасырып қалды.
Сейфуллин Жолбарыс бұған дейін де жағымсыз қылықтарымен танылған еді. Әнші Бақыт Шадаева өзін Сейфуллин Жолбарыстың алдап, пәтерін алып қойғанын ашық айтқан еді.