Фото: stylus-ch.kz
Ташкентте 31 жастағы ер адам анасына тіл тигізгеніне ашуланып, жеті перзент туып берген әйелін аяусыз балғамен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Бұл туралы Өзбекстанның жоғарғы сот өкілі Әзиз Әбідов телеграмдағы парақшасында «Millar» телеарнасының оқиғаға қатысты түсірген сюжетімен бөлісті. Сотта ер адам істеген ісіне өкінетінін жеткізді. Әйелі анасына қарсы сөз айтқанына шыдай алмай ашуға булығып, қолында тұрған балғамен қалай ұрып тастағанын өзі де байқамай қалғанын айтты.
«Жағдайымыз жақсы еді, жеті баламыз бар. Алайда, әйелім екеуміз үнемі ұрысып қала беретінбіз. Анама тіл тигізгенде өз-өзімді ұстай алмай, оны басынан балғамен ұрып тастадым», – деді сотталушы.
Сот ер адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ақырында жеті бала бір күнде тұл жетім қалды. Аналары бақилық болып, әкелері түрмеге тоғытылды.