Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында «SAAD» компаниясының тұсаукесері салтанатты түрде өтті. Жаңа отандық желілік компанияның негізін қалаушылар – бір туған бауырлар Дархан, Ардақ және Айнұр, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Шараның тағылымды бастамасы
Салтанатты кеште құрылтайшылар ата-аналарын сахнаға шақырып, олардың батасын алды. Бұл көрініс көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ал кештің рухты басталуы Алатау серілерінің әнімен әрленді. Танымал әнші Тамара Асардың өнері кештің сәнін келтіріп, қатысушыларға рухани әсер сыйлады.
SAAD компаниясының мақсаты мен мүмкіндіктері
«SAAD» компаниясы мыңдаған адамға тұрақты табыс көзі, жүз мыңдаған тұтынушыға сапалы өнім ұсынуды және миллиондаған адамға денсаулық пен сұлулық сыйлауды мақсат етіп отыр. Отандық өндіріс ретінде бұл компания еліміз үшін экономикалық маңызы зор жоба болмақ.
Жобаның арқасында шетелге кететін қаржыны азайтып, керісінше, Қазақстанға шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндік туады.
Үш бауырдың бірлігі – жетістік кепілі
Қазақтың екі мықты қызы – Ардақ пен Айнұр бауырлары Дарханды қолдап, бірге жұмыс бастаған.