Танымал режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы жары Назира Бақаева TikTok парақшасында Doris есімді жас қызбен түскен суреттерін бөлісіп, желі қолданушыларының назарын аударды,деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Назира Бақаеваның TikTok-тағы жазбалары
Назира Бақаева әлеуметтік желіде Doris есімді бойжеткенмен бірге түскен суреттерін жариялап, оған ерекше көңіл бөлетінін байқатқан. Ол суреттердің біріне: «Менің ғаламшарым» деп жазып, Doris-тің аккаунтын белгілеп кеткен.
Doris есімді бойжеткеннің парақшасында да Назирамен бірге түскен суреттер мен видеолар жиі жарияланған. Бір жазбасында Doris: «Ешкімге бермеймін, сұрамасын» деген сөз қалдырып, бұл қарым-қатынас желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.
Әлеуметтік желі қолданушыларының реакциясы
Желіде тараған суреттер мен жазбаларға пікір білдірген қолданушылардың ойлары екіге бөлінді. Кейбіреулер бұл әрекетке таңданысын жасырмаса, енді біреулер сын айтқан. Пікірлердің арасында:
- «Масқара»,
- «Жетіскен екенсіңдер»,
- «Әр әйел бақытты болуға лайықты»,
- «Өзіңіздің қыздарыңызбен жасты қыз ғой»,
- «Не болса да Құдай сақтасын», — деген жазбалар кездеседі.
Ақан Сатаев пен Назира Бақаеваның ажырасуы
Айта кетейік, Ақан Сатаев пен Назира Бақаева ажырасып кеткенін ресми түрде хабарлаған болатын. Ажырастан кейін белгілі режиссердің актриса Альмира Тұрсынмен көңіл жарастырғаны жайлы ақпарат тараған.