Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті
  • «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 14 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ақиқат пен миф: Марат Жыланбаев төңірегіндегі ақпараттық дау

18 Тамыз, 2025 Саясат
Фото: uralskweek.kz
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жалған ақпараттың таралуы

Соңғы аптада әлеуметтік желілер мен кейбір медиа алаңдарында құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина тарапынан Марат Жыланбаевтың «өлім аузында жатқаны» жайлы ақпарат белсенді түрде таратылды. Эмоцияға құрылған жазбалар, халықаралық ұйымдарға үндеулер және түрлі посттар қоғамда үлкен резонанс туғызды. Алайда колониядан жарияланған бейнежазбалар оның шын мәнінде спортпен айналысып, қалыпты жағдайда екенін көрсетті. Бұл туралы Todayinfo ақпараттық порталы жазды, жариялады.

Саясаттанушы Әділ Сейфуллиннің айтуынша, бұл жағдай классикалық ақпараттық манипуляцияның мысалы. «Қоғамға «қатерлі халде» деген образ ұсынылып, кейін оны саяси кампанияға пайдалануға тырысқан. Ал ақиқат бейнежазбалар арқылы ашылды», – дейді ол.

Құқық қорғаушыларға сенім дағдарысы

Журналист Гүлбану Әбенова да бұл оқиғадан түңілісін жасырмайды. Оның пайымдауынша, еліміздегі кейбір «құқық қорғаушылардың» басты мақсаты – шетелдік гранттарға тәуелді ақпараттық себептер жасау. «Біз оларды шынайы күрескер деп сеніп жаздық. Ал шын мәнінде әрбір «шулы оқиға» – донорларға есеп берудің амалы екен. Бұл қоғамды адастырады, журналистерді де пайдаланғандай әсер қалдырады», – дейді ол.

«Дүмше-белсенділер» феномені

Ал журналист Орал Әлімбектің пікірінше, бұл жағдай – халықаралық қаржыландырудың тоқтауы салдарынан туған құбылыс. «USAID бар кезде жалғанды жалпағынан басқан белсенділер қазір жаңа ақша көзін таба алмай, қоғамнан қаржы жинау үшін өтірікті күшейтті. Шындығында, олардың қазаққа пайдасы шамалы. Қалтасына ақша түссе болғаны», – деп атап өтеді ол.

Жеке сенімнің жоғалуы

Саяси шолушы Ильяс Мынжасаров болса, Төреғожинаға сенімнің әлдеқашан жоғалғанын айтады. Оның сөзінше, белсенді бұрын да «шынайылықтан алшақ теориялар» ұсынған. «Жыланбаевтың денсаулығы шын мәнінде оларды алаңдатып отырған жоқ. Кейде олардың өздері «жақсы болар ма еді, шынымен ауыр халде болса» деген ой тудырады. Өйткені сол арқылы өздерінің «дұрыс екендігін» дәлелдеуге тырысады», – дейді ол.

Жыланбаев ісі ақпараттық соғыстың құралына айналғаны байқалады. Бір жағында – эмоцияға құрылған аңыздар, екінші жағында – нақты фактілер. Бұл жағдай қазақстандық қоғам үшін маңызды сабақ: әрбір резонансты ақпаратты тексеріп, манипуляцияға ермей, фактіге сүйенген дұрыс.

Оқиға тағы да көрсеткендей, азаматтық белсенділіктің басты құны – адалдық пен шынайылық. Ал олар болмаған жерде, құқық қорғаушылық миссиясы сенімсіздік пен күмәннің көлеңкесінде қалады.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Todayinfo.kz (@todayinfo.kz)

Бақытжан Төреғожина Марат Жыланбаев

Оқылып жатыр

Тағы бір елдің президенті жастар көтерілісінен кейін елден қашып кетті

Путин Әлиевке AZAL ұшақ апатына кінәсін мойындады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың АҚШ-тағы кездесуінің фотосуреті жарияланды

Билік үні қалай өзгерді: Назарбаевтан Тоқаевқа дейінгі саяси дискурстың трансформациясы

Саяси күштер өзгеріске дайын ба: Елдегі 7 партия жарғысындағы идеологиялық бағыттарға шолу

Қазақстан — Ресей мен Украина арасындағы соғыста делдал емес: Тоқаевтың мәлімде жасады

Соңғы жазбалар

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

14 Қазан, 2025

«Педагогтарға қолдау қажет»: Аягүл Миразова жуырда тағайындалған министрге кеңес айтты

14 Қазан, 2025

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.