Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ақмола облысында 10 жеке тұрғын үй су астында қалды

19 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, су тасқыны қауіпті өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 19 715 адам өз үйлеріне оралды. Жедел шаралармен ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен жануарларды эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 118 180 адам, оның ішінде 44 254 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды.

8 821 адам, оның ішінде 3 885 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 370 тұрғын үй мен 2 737 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,4 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 989 жеке тұрғын үй, 1 091 аула аумағы су астында қалуда.

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының психологтары су тасқыны қаупі бар өңірлердің тұрғындарына шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілікті атқаруда. Жедел желі телефонына 1 971 қоңырау түсті.

Зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 4 529 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Су жүрген 60 автожол, су шайған 63 автожол, оның ішінде 10 көпір және 53 жол төсемі бақылауда қалуда. 44 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды, оларға қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорлары құрылды.

Ақмола облысында қардың қарқынды еруіне және Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Есіл ауданының Двуречное ауылында 10 жеке тұрғын үй су астында қалды. 47 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Ақтөбе облысында Ырғыз ауданының Құйлыс ауылынан Ырғыз ауылына әуе кемелерімен алдын ала 25 адам уақытша орналастыру пунктіне эвакуацияланды. Белшер және Мамыр ауылдарына 500 литр жанар-жағармай және 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Құйлыс ауылында Торғай өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында, Кожевенный кентінде 348 жеке тұрғын үйді, сондай-ақ 3031 саяжай құрылысы су астында қалды. Тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Есіл өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. ТЖД және ЖАО қызметтері Петропавл қаласының және облыс аудандарының эвакуациялық пункттерінде орналасқан тұрғындарға психологиялық көмек көрсетуде.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға азаматтық қорғау қызметтерінен 44 137 адам, 4 642 техника, 858 су сору құралы, 341 жүзу құралы, 12 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда.

 

астында Ақмола жеке облысында су тұрғын қалды үй

Оқылып жатыр

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.