Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды

23 Қазан, 2025

ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар

23 Қазан, 2025

«Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды
  • ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар
  • «Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді
  • Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды
  • ТШО-дағы дау: ФБР Теңіздегі 100 миллион долларлық коррупция туралы шағымды қабылдады
  • Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды
  • Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады
  • МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 24 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды

23 Қазан, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Республика күні қарсаңында Көкшетау қаласында 500 орынға арналған №10 жаңа жалпы білім беретін мектептің техникалық ашылуы өтті. Білім ошағы ескі апатты мектептің орнында бой көтеріп, «Келешек мектебі» жобасының стандарттарына сәйкес салынды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Оқушыларды мектеп екінші тоқсанда қабылдайтын болады.

Заманауи мектеп сапалы және жайлы білім алуға қажетті барлық жабдықтармен қамтылған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары орнатылып, олар полицияның Жедел басқару орталығына интеграцияланған. Мектеп аумағы үш функционалды аймаққа бөлінген – оқу, спорт және ойын алаңы, сондай-ақ шаруашылық бөлігі.

Нысанды жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және «Қазцинк» АҚ бас директоры Жанат Жанботин аралап көрді.

Айта кетсек, ескі мектепте бар болғаны 10 оқу кабинеті болып, асхана қарастырылмаған еді. Апатты жағдайда болғандықтан, оқушылар қаладағы өзге мектептерде уақытша білім алуға мәжбүр болды.

Бұл мәселені шешу мақсатында 2023 жылы Ақмола облысы әкімдігі мен «Қазцинк» компаниясы арасында ескі мектептің орнына жаңа ғимарат салу жөнінде меморандумға қол қойылды. Жоба «ҚазЦИНК» ЖШСжеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылды.

«Жобаның жүзеге асырылуы – Мемлекет басшысының сапалы біліммен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының нәтижесі. Бұл – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің айқын үлгісі», – деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогикалық ұжымды жаңа мектептің ашылуымен құттықтады:

«Бүгінде елімізде 500-ден астам инновациялық мектеп жұмыс істейді, ал бұл мектеп жабдықталуы жағынан солардан кем емес. 2019 жылдан бері Қазақстанда 1 миллионға жуық оқушыға арналған 1300 мектеп салынды. Мемлекет білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлуде», – деп атап өтті министр.

«Мектеп ең жоғары сапа стандарттарына сай салынды. Мұнда заманауи құрал-жабдықтармен, робототехникамен жабдықталған 60-тан астам кабинет бар, жаңа спорт залы мен конференц-зал салынды», – деді «Қазцинк» компаниясының бас директоры Жанат Жанботин.

Оқылып жатыр

«Таза өңір – жарқын болашақ»: ақмолалық жастар экологиялық бастаманы қолдады

Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде

Таза ауыз су – Қараөткел тұрғындарының игілігіне!

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Ақмола облысында электрмен жабдықтау жүйесінің жай-күйі мен дамуы

Соңғы жазбалар

Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды

23 Қазан, 2025

ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар

23 Қазан, 2025

«Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді

23 Қазан, 2025

Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды

23 Қазан, 2025

ТШО-дағы дау: ФБР Теңіздегі 100 миллион долларлық коррупция туралы шағымды қабылдады

23 Қазан, 2025

Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

23 Қазан, 2025

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

23 Қазан, 2025

МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады

23 Қазан, 2025

Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

23 Қазан, 2025

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.