Ақмола облысындағы Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасындағы тас жолда 40-қа жуық көлік соқтығысты.
Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
Жаппай апаттың куәгерлері мен қатысушылары оқиға орнынан видео түсіріп алған. Кадрлардан тас жолда қатты боран соққанын байқауға болады.
«Сағат 13:30-да Ақмола облысындағы Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасында ауа райының нашарлауына байланысты 40-қа жуық көлік соқтығысты. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында полицейлер жүр», – делінген хабарламада.
View this post on Instagram
Қатты боран салдарынан Астана-Щучинск тас жолы сағат 12:00-ден бастап жабылды. Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан бір мезетте үш педагог қаза тапқаны туралы жазған едік.