Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

29 Қараша, 2025

Түркиядан табылған қазына: Әз Жәнібек хан туралы қолжазбалар елге оралды

28 Қараша, 2025

Жаңа теңге мен банкомат: Терминал ақшаны қабылдамаса не істеу керек?

28 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған
  • Түркиядан табылған қазына: Әз Жәнібек хан туралы қолжазбалар елге оралды
  • Жаңа теңге мен банкомат: Терминал ақшаны қабылдамаса не істеу керек?
  • Жаңа Конституция және референдум: Тоқаевтың маңызды мәлімдемесі
  • Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті
  • e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
  • «Жалпы жалақы»: Ұлттық банк төрағасы 1,7 миллиард теңге сыйақы алғаны рас па?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 29 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

17 Қыркүйек, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Көкшетауда Қазақстандық отбасы күніне орай өткен салтанатты шарада Ақмола облысының ең үлгілі әулеттері марапатталды. «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде Целиноград ауданынан келген Мекебаевтар әулеті гран-при иегері атанды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Биылғы байқауға Ақмола облысынан 100-ге жуық отбасы өтінім беріп, комиссия шешімімен 7 үздік әулет анықталды. Жеңімпаздар марапатталып, ақшалай сыйлықтар мен сертификаттарға ие болды. Байқаудың бас жүлдесін Целиноград ауданынан келген Мекебаевтар әулеті иеленіп, 500 мың теңге мен республикалық кезеңге жолдамаға қол жеткізді.

Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтарына Аршалы ауданынан Жолпаттар, Қорғалжын ауданынан Тұрсыновтар және Атбасар ауданынан Қабылдиновтер әулеттері ие болды. Жеңімпаз атанған Мекебаевтар әулетін 77 жастағы қария, жезтаңдай әнші әрі ақын, жазушы Мекебай Кәкенұлы бастап келді. Ол  өз сөзінде отбасындағы  дәстүрлерімен бөлісті.

«Отбасында асты батасыз бастамаймыз, батасыз астан тұрмаймыз. Ұлттық тәрбие – ұрпаққа мирас. Ұлды атқа мінгізу – жай ғана серуен емес, ер-азамат ретінде мойындаудың ерекше рәсімі. Бұл – жауапкершілік пен еркіндікке баулитын дәстүр», – деді ол.

Салтанат сарайында ұйымдастырылған марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, байқау комиссиясының мүшелері және отбасы институтын дамытуға атсалысып жүрген қоғам өкілдері қатысты.

«Мемлекет үшін отбасы әрдайым ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын берік институт болып табылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Отбасы институты – еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды қасиеттерді дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады» деп атап өткен болатын», – деді әкім орынбасары.

Мерекелік шара барысында Мекебаевтар әулеті өздерінің қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, көрермен назарына шығармашылық өнерін ұсынды. Концерттік бағдарламаға ұласқан кеш барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Мерейлі отбасы» байқауы – отбасы мен некенің оң бейнесін насихаттап, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған дәстүрлі жоба. Енді Мекебаевтар әулеті республикалық кезеңде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

Оқылып жатыр

Ақмола облысында жол құрылысы қарқыны артты: 150 жоба жүзеге асты

Бурабайда әуежай салу мәселесі пысықталып жатыр — облыс әкімі

Келер жылы Қосшыда жаңа электр энергиясы станциясы салынады

Аршалыдағы 200 гектар дауы: прокурордың ұлы істі тоқтатып тұр ма?

Биыл Ақмола облысында рекордтық көлемде астық жиналды

Колледж студенттері Беларус тракторымен қалып қойған — Марат Ахметжанов

Соңғы жазбалар

«Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

29 Қараша, 2025

Түркиядан табылған қазына: Әз Жәнібек хан туралы қолжазбалар елге оралды

28 Қараша, 2025

Жаңа теңге мен банкомат: Терминал ақшаны қабылдамаса не істеу керек?

28 Қараша, 2025

Жаңа Конституция және референдум: Тоқаевтың маңызды мәлімдемесі

28 Қараша, 2025

Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті

28 Қараша, 2025

e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды

28 Қараша, 2025

«Жалпы жалақы»: Ұлттық банк төрағасы 1,7 миллиард теңге сыйақы алғаны рас па?

28 Қараша, 2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

28 Қараша, 2025

«Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

28 Қараша, 2025

Алматыда «Жасанды интеллект және әдебиет» тақырыбында ғылыми конференция өтті

28 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.