Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді

12 Шілде, 2025

«Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты

12 Шілде, 2025

Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты

12 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді
  • «Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты
  • Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты
  • Айгүл Мүкей 10 жылдан бері бедеу болған блогер туралы өз ойын айтты
  • «Қазақстанның үздік тауары»: 70-ке жуық ұлытаулық кәсіпкер өңірлік көрме-байқауына қатысты
  • Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді
  • Қонаев қаласында заманауи Балалар үйі ашылды
  • Павлодарда жұмысшы кәріз тазалап жүріп қайтыс болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 12 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен екі медициналық нысан ашылды

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен екі медициналық нысан ашылды

17 Маусым, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды құру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ақмола облысында екі денсаулық сақтау мекемесі – Аршалы ауданы Арнасай ауылында дәрігерлік амбулатория және Бұланды ауданы Алтынды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Нысандар елге қайтарылған активтер есебінен салынған. Осы мақсатқа арнаулы мемлекеттік қордан 295 млн теңге бөлінді. Денсаулық сақтау мекемелері Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ашылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Арнасай ауылындағы дәрігерлік амбулатория Елтоқ, Қойгелді, Бабатай станциясы мен 42-разъезд сынды маңайдағы елді мекендерде тұратын 2 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Жалпы ауданы 450 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимарат бір ауысымда 45 келушіні қабылдауға қауқарлы.

Бұланды ауданы Алтынды ауылында ашылған фельдшерлік-акушерлік пункт Алтынды, Боярка, Алакөл, Жаңаталап және Елтай ауылдарында тұратын мыңға жуық адамға алғашқы медициналық көмек көрсететін болады.

Аталған медициналық мекемелер заманауи құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Атап айтқанда, ЭКГ аппараты, дефибрилляторлар, физиотерапия және оңалту құрылғылары орнатылған. Бұл ауыл тұрғындарына сапалы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа медициналық нысандарды еліміздің Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев пен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовпен бірге барып көрді.

Өңір басшысы ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жолында бұл нысандардың маңыздылығына тоқталды.

«Мұндай нысандардың құрылысы – халқымыздың денсаулығына салынған инвестиция. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында ауыл тұрғындарына аурудың алдын алу және емделу үшін қолайлы жағдай жасалуда. Бұл – ауылдық елді мекендердегі өмір сапасын жақсартуға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі», — деді Марат Ахметжанов.

Ақмола облысында жалпы саны 33 әлеуметтік жоба іске асырылады. Оның ішінде 10 жоба – медициналық нысандар. Қайтарылған активтердің мақсатты жұмсалуын қадағалау – прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі. Әр қайтарылған теңге – Қазақстанның дамуына қызмет етуі керек.

Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бағдарламасы аясында Ақмола облысында 38 нысан салынады. Оның 28-і бүгінде іске қосылған. Медициналық қызмет сапасына ерекше назар аударылуда.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Үкімет елге заңсыз шығарылған активтерді қайтару арқылы әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруда. Қазіргі таңда өңірде тағы 3 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 1 медициналық пункттің құрылысы жүргізілуде.

Оқылып жатыр

«Алтыналмас» Степногорскіде мектеп пен спорт кешенінің құрылысына 22 млрд теңге инвестициялайды

Сал-серілердің мекенінде 3000 күйші: Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Көкшетауда 1000 адамға арналған ірі спорт кешені салынып жатыр

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов турникке 8 рет тартылып, жұртты таңғалдырды (ВИДЕО

AQMOLA индустриялық аймағында жаңа терминал салынады

Шортандыда 300 жұмыс орны ашылмақ

Соңғы жазбалар

Қонаевқа осы жазда 860 мыңнан астам турист келді

12 Шілде, 2025

«Әйелімді жұбата алмадым»: Елдос Колобок өзінің белсіздігін әшкере қылған адамның арсыздығын айтты

12 Шілде, 2025

Қырғызстанға қыдырып барған қазақ боксшысы қаза тапты

12 Шілде, 2025

Айгүл Мүкей 10 жылдан бері бедеу болған блогер туралы өз ойын айтты

12 Шілде, 2025

«Қазақстанның үздік тауары»: 70-ке жуық ұлытаулық кәсіпкер өңірлік көрме-байқауына қатысты

12 Шілде, 2025

Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді

12 Шілде, 2025

Қонаев қаласында заманауи Балалар үйі ашылды

12 Шілде, 2025

Павлодарда жұмысшы кәріз тазалап жүріп қайтыс болды

12 Шілде, 2025

«Қашып кеткің келеді»: Аша Матай жан сырын бөлісті

12 Шілде, 2025

«Жауапкершілікті Құдайға арту»: Нұраддин Садықов жеңілісті «Алланың қалауы» деп ақталатындарды сынады

12 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.