Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 14 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ақмола облысында «QAZ TECH» іт жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

19 Маусым, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылғы 19 маусымда Көкшетау қаласында мемлекеттік тілді жеңіл әрі өздігінен үйренуге бағытталған ІТ жобаларды анықтайтын облыстық «QAZ TECH» байқауы өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Байқаудың мақсаты – заманауи технологиялардың көмегімен қазақ тілін өздігінен меңгертудің тың идеяларын анықтау, түрлі бағдарламалық жасақтамаларды әзірлеу, сол арқылы мемлекеттік тілде сөйлеушілер санын арттыру, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру.

Облыстық байқауда Көкшетау, Степногорск қалаларының және Бурабай ауданының жоғары және орта оқу орындарындағы ІТ саласының қызметкерлері мен студент-бағдарламашылардан құралған командалар бақтарын сынады.

Ережеге сәйкес, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын арттыруға бағытталған жаңа ІТ жобалар байқауға ұсынылды. Жобалар іске қосылмаған, ешқандай БАҚ беттерінде (әлеуметтік желілерді қоса алғанда) жарияланбаған болуы тиіс. Сайыс барысында жобалардың өзектілігі, нәтижелілігі мен қолжетімді болуы бағаланды.

«Бүгінгі байқауға қатысушылар жақсы дайындықпен келгені көрініп тұр. Жалпы ІТ саласы шығармашылық пен техникалық дағдыларды біріктіретін күрделі сала. Осындай байқаулардың жастарға пайдасы өте зор, өйткені олардың бәсекеге қабілеттілігі арта түседі. Нәтижесінде қазақ тілін үйренушілердің саны да көбейеді, тілді меңгертетін технологиялар да әртүрлі бағытта болады», – деп бөлісті қазылар алқасының төрайымы, техника ғылымдарының магистрі Л.Шегирова.

Конкурс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжі студенттерінің командасы Ә.Қожахмет, В.Волков, А.Григорьев, ІІ орынды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті командасының студенттері Д.Қаппасов, Ж.Айтмұрат, Н.Кәдірбай,                           І орынды  Степногорск қ. тау-кен техникалық колледжінің студенті Д.Шуган, ал Бас жүлдені Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледждің студенті Д.Болат иеленді.

«Тілді үйренуде қазір әртүрлі қосымшалар сұранысқа ие. Бүгінгі байқауға жетекшіммен қазақ тілін үйренуге бағытталған сайт әзірледік. Сайтта тіл үйренушілерге арналған түрлі қызықты жаттығулар, тапсырмалар жинақталған. Алдағы уақытта сайтты жетілдіріп, диплом жұмысымның практикалық бөлімінде қолдану жоспарымызда бар», – дейді байқаудың І орын жеңімпазы Диана Мейрамқызы.

Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға тиісті дипломдар мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

QAZ TECH Ақмола облысы

Оқылып жатыр

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Ақмола облысында электрмен жабдықтау жүйесінің жай-күйі мен дамуы

Аймақтың цифрлық дамуы: стартаптар мен жасанды интеллектке басымдық

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Соңғы жазбалар

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.