Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Өзбекстанда ЖИ туралы заң: Нейрожелілерді теріс пайдаланғаны үшін айыппұл төлеп, қамауға алынады

3 Қараша, 2025

Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды

3 Қараша, 2025

Қазақтарды «мамбеттер» деген Алика Мұхамедиева сотталып кетті

3 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Өзбекстанда ЖИ туралы заң: Нейрожелілерді теріс пайдаланғаны үшін айыппұл төлеп, қамауға алынады
  • Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды
  • Қазақтарды «мамбеттер» деген Алика Мұхамедиева сотталып кетті
  • Алматы облысында Іле өзенінің жағалауында жаңа туристік кластерді дамытуға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды
  • Жол ережесін бұзып, көлігіне жалған нөмір таққан депутат видеоны жариялаған азаматтан 5 млн теңге талап еткен
  • Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті
  • «Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді
  • Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 4 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Ақмола облысының әкімдігі мүгедек жандарға жағдай жасауда белсенді — вице-министр

Ақмола облысының әкімдігі мүгедек жандарға жағдай жасауда белсенді — вице-министр

7 марта, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақ елінде 737 мыңнан астам мүгедек өмір сүреді. Ал мемлекет оларға толықтай жағдай жасай алмай отыр, деп хабарлайды Todayinfo.

Ел көлемінде мүмкіндігі шектеулі жандарға тек Ақмола, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері ғана белсенділік танытып келеді.

Мүгедектігі бар азаматтарға толыққанды жағдайдың жасалмай отырғанын «AMANAT» партиясы мәлім етті. Қазақстанда 235 мың бала ерекше білім беруді қажет етеді. 2021 жылдан бері оларға арналған 1080 инклюзияны қолдау  кабинеті ашылан.

«Алайда, қолайлы орта құру мәселесі әлі толық шешімін тапқан жоқ: 2024 жылы мүгедектігі бар адамдар мен әлеуметтік жағдайы осал топтардың құқығына қатысты мыңдаған бұзушылық анықталды. 2695 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 230 млн теңге сомасына 973 айыппұл салынды. Бұзушылықтар негізінен білім беру мекемелерінің қолжетімсіздігі, әлеуметтік тұрғыда қорғау және азаматтардың құқығын сақтамау сынды мәселелермен байланысты болып отыр. Осыған байланысты, «AMANAT» партиясы мектептерді жаңғыртудан бастап, әлеуметтік тұрғыда қорғауды күшейтуге және инклюзивті туризмді дамытуға дейінгі жүйелі өзгерістерге қол жеткізе отырып, жағдайды өз бақылауына алды», — делінген Мүгедектігі бар адамдардың инклюзиясы жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында.

Сөз басында Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттың бірі – мүгедектігі бар адамдардың тұрмысын жақсарту екенін атап өтті.

«Биыл 21 ақпанда партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында партияластар еліміздің барлық аймағындағы білім беру ұйымдарында инклюзияны қолдау кабинеттері желісін кеңейтуге қатысты жоспарлы мониторинг жүргізді. Білім беру ұйымдарында инклюзия сыныптарын ашу – балаларға тең мүмкіндік қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам. Мониторинг барысында 166  инклюзияны қолдау кабинеті қамтылып, 100-ден астам ұсыныс берілді. Соның ішінде, білім ошақтарын мүгедекті бар адамдарға бейімдеу, материалдық-техникалық базаны жаңарту, инклюзивті білім жөнінде тұрғындарға барынша көп мағлұмат беру мақсатында «ашық есік» күндері мен ата-аналар жиналысын ұдайы ұйымдастырып тұру мәселелеріне назар аударылды», – деді Ерлан Әбдиев.

Сондай-ақ, ол мониторинг барысында инклюзивті білім беретін мамандардың біліктілігін арттыру, логопед, дефектолог, психолог сынды мамандардың жетіспеушілігі, оқу бағдарламаларын ерекше қажеттілігі бар балаларға сай бейімдеу мәселелері назарға алынғанын жеткізді. Оның айтуынша, аталған мәселелерді партиялық бақылуға алып, жедел шешімін табу қажет.

Өз кезегінде, Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан инклюзивті орта құру – барлық білім алушыларға тең мүмкіндікті қамтамасыз ететін негізгі фактор екенін атап өтті.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасына сәйкес, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау үшін жыл сайын кемінде 1 кабинет ашу көзделген еді. Яғни, 2023 жылы – 42, 2024 жылы – 41, 2025 жылы – 41, 2026 жыл – 38 және 2027 жылы – 38 кабинет ашу жоспарланған болатын. Алайда, 2023 жылы – 95, 2024 жылы – 121 кабинет ашылды. Биыл – 83 кабинет ашу жоспарлануда. Бұл ретте, Ақмола, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласы айрықша белсенділік танытқанын атап өту қажет. Өкінішке қарай, 2024 жылы Түркістан, Ұлытау облыстары осы жұмысты жүргізбеді. Аталған 2 өңірде жоспарлы көрсеткіш орындалған жоқ. Жалпы, 2021 жылдан бері ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған 1080 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Онда арнайы педагогтер мен педагог-психологтар, педагог-ассистенттер балалармен жеке және топтық сабақтар өткізеді», – деді Еділ Оспан.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде психологиялық, медициналық және педагогикалық консультация есебінде ерекші білім беруді қажет ететін 235 мың бала тіркелген. Министрліктің даму тұжырымдамасына сәйкес, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтудың нысаналы индикаторы қарастырылған. Өткен жылғы қорытынды бойынша, осы көрсеткішпен қамту деңгейі – 85%-ды құрады.

«Бұл институттың құрылуы – халықты әлеуметтік тұрғыда қорғау саласындағы негізгі проблемаларды шешуге бағытталған уақтылы әрі маңызды шара. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірлік маңызы бар қызметтерге қол жеткізе отырып, еліміздегі заңнаманың орындалуын бақылауды күшейтуге көмектеседі. Бүгінде елімізде халықты әлеуметтік қорғау саласында барлығы 111 әлеуметтік қорғау инспекторы қызмет етеді. Ал осы күні Қазақстанда 737 мыңнан астам мүгедектігі бар адам өмір сүреді. 2024 жылы инспекторлар 2695 тексеру жүргізді. Яғни, бақылау шеңберінде – 741, жоспардан тыс – 751 және прокуратураның талабы бойынша – 1203. Нәтижесінде, қызмет көрсетушілерге 1000-нан астам ұйғарым беріліп, 230 миллион теңгеден астам сомаға 900-ден астам айыппұл салынды. Бұл ретте 174 әкімдік, 160 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 49 жеке кәсіпкер, 802 мектеп және тағы басқалар тексерілгенін айта кету қажет», – деді Төлеген Оспанқұлов.

Оқылып жатыр

Өзбекстанда ЖИ туралы заң: Нейрожелілерді теріс пайдаланғаны үшін айыппұл төлеп, қамауға алынады

Қазақтарды «мамбеттер» деген Алика Мұхамедиева сотталып кетті

Жол ережесін бұзып, көлігіне жалған нөмір таққан депутат видеоны жариялаған азаматтан 5 млн теңге талап еткен

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді

Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

«Таза Өскемен» мекемесінің экс-басшылары 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Соңғы жазбалар

Өзбекстанда ЖИ туралы заң: Нейрожелілерді теріс пайдаланғаны үшін айыппұл төлеп, қамауға алынады

3 Қараша, 2025

Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды

3 Қараша, 2025

Қазақтарды «мамбеттер» деген Алика Мұхамедиева сотталып кетті

3 Қараша, 2025

Алматы облысында Іле өзенінің жағалауында жаңа туристік кластерді дамытуға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды

3 Қараша, 2025

Жол ережесін бұзып, көлігіне жалған нөмір таққан депутат видеоны жариялаған азаматтан 5 млн теңге талап еткен

3 Қараша, 2025

Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті

3 Қараша, 2025

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді

3 Қараша, 2025

Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

3 Қараша, 2025

«Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді

3 Қараша, 2025

Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы алғаш рет әкесі туралы естеліктерімен бөлісті

3 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.