Көкшетау және Ақмола епархиясының басшысы, Қазақстандағы Орыс православие шіркеуінің архиепископы Серапион Нижний Новгород облысында орын алған жол апатында қаза тапты, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Қайғылы оқиға M12 тас жолында, Пильна ауылына жақын жерде болған.
Архиепископ Серапион Көкшетау қаласынан Мәскеуге Рождестволық оқуларға қатысу үшін жолға шыққан болатын.
Жол апаты кезінде архиепископ ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.
Сондай-ақ көлікте бірге болған Көкшетаудағы Воскресенск кафедралды соборының клиригі иеромонах Евлогий (Щербак) ми шайқалу диагнозымен ауруханаға жеткізілді.